Б. Сапарбаев Қарғалы ауданына жұмыс сапарымен барды

You are here

Алдымен Әлімбет ауылына барды. Мектеп, балабақша, емхана, мәдениет үйі секілді әлеуметтік нысандарды аралады. Дүкен, дәмханаларда әкімнің назарынан тыс қалмады. Халыққа қажетті 33 түрлі азық-түліктің бағасын білді. Көңілге қонымды. Өйткені, жергілікті әкімдік шағын және орта бизнес өкілдерімен бағаны 10 пайыздан асырмау жөнінде келісім жасасқан. Ақтөбеден Әлімбетке дейінгі күре жол 120 шақырымнан асады. Бірақ, халықаралық тас жолдың бойында бірде бір қызмет көрсету нысаны жоқ. Кемшілікті жойу міндет.  Бұл аудан әкіміне тапсырма. Ал, тұрғындарды алаңдатқаны апатты мектептің орнына су жаңа білім ордасы салынады. Облыс әкіміне құрылысы көп ұзамай басталатын білім ордасының орналасатын жері ұнамады. Іргетасын ойпаң, қар суынан аулақ, оқшау қалаңдар, керегесін болашақтағы бала санына байланысты кеңейту керек деген ұсынысын айтты.  Тағы бір мәселе, ауыл маңындағы бұрынғы су тоғанын ретке келтіру керек. Халық ол жерге бақша салып, кәсіп етсін деді Бердібек Мәшбекұлы.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ  ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауылшаруашылығының да өрісі тарылып тұр. Құлан, Алтын асық, Ырыс бағдарламаларының бағы жанбай тұр. Шаруа қожалықтарының қаражат алуға кепілдіктері жоқ. Ескі-құсқы техника, саман үйлер есепке алынбайды. Сондықтан, ауылдағы 8 шаруа қожалығы бас-басыңа бытырамай, бес саусақтың саласындай бірігіп күнелтіңдер деді облыс әкімі. Аудан тұрғындарының басты проблемасы Ақтөбе-Орск тас жолын жөндеуге қаражат  Азия даму банкі мен және Дүниежүзілік банкінен бөлінуі мүмкін. 2 жылдың шамасында шешілетін бұл шаруа қазір егжей-тегжейлі қаралып жатыр. 

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ  ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қыстың көзі қырауда қырдағы ауылдың тұрмысын білу мақсатымен жолға шыққан облыс әкімі Жосалыға жеткенде ауылға көгілдір отын керек екеніне көз жеткізді. Табиғи отын кіргізу үшін энергетика министрлігімен келісім жасалып жатыр екен. Ал, тозығы жеткен мектеп пен бала-бақша күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Қысқасы Қарғалыдағы әлеуметтік нысандардың жағдайы нашар. Жетіспеушілік байқалады. Мәселен, облыс әкіміне Шәмші Қалдаяқов ауылының тұрғындары рухани күш-қуат керек екенін ай тты. Өйткені 15 жылдан бері салынатын мәдениет үйінің құрылысы жыр болып жүр.  Мәселе, сол жерде шешілгендей болды. Ауданда 20 жылға жуық кәсіптерін дөңгелеткен Алина-Холдинг серіктестігінің басшылыған ұсыныс жасалды. Әрбір кәсіпкер бизнестің әлеуметтік серіктестігі аясында ауылға қол ұшын беруге міндетті. Бастысы, дағдарыс деп құр босқа даурықпай, келген қиындықпен бірге күресу керек деді Бердібек Сапарбаев. Алдағы сайлау науқанына бір атаның баласындай қатысып, елдігімізді білдірейік деп, ауыл тұрғындарын бірлікке, елдікке шақырды.

Қосылды: 
09.02.2016 - 12:12
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 12:36

Жаңалықтар таспасы