Б. Сапарбаев Қарғалы ауданы нысандарын аралады

You are here


Ал бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданына барды. Мұнда, ауылшаруашылығын дамытып, азық - түлік өнімдерінің бағасын көтермеу қажет және ауыл  мектептерінің материалды - техникалық базасын нығайту керек екенін айтты. Облыс басшысы өңірдің әлеуметтік және өндірістік орындарында болып, нақты тапсырмалар берді. Толығырақ келесі бейнематериалымызда.  

Бүгін Қарғалы ауданына барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, елді - мекендерді дамыту туралы Елбасының тапсырмасы барын айтты. Ол үшін ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамытып, инфрақұрылымды жақсарту қажет деді. Өңірдің бірқатар шаруашылық құрылымдарында болып, жұмыстарымен танысқан облыс әкіміне келер жылы іске қосылатын - құс фабрикасы туралы да баяндалды. "Батыс" агроөндірістік кешені" ЖШС өкілдері бұл жобаның екі кезең бойынша жүзеге астынын айтып, 100 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туатынын мәлімдеді.

АЛМАС  БЕРДЕНОВ, "БАТЫС" АГРОӨНДІРІСТІК КЕШЕНІ" ЖШС ӨКІЛІ

Құс фабрикасында негізінен құс еті өндірілетін болады. Нарықты зерттеп, 15 мың тонна құс етінің барлығы дерлік шетелден әкелінетінін ескерген серіктестік ұжымы, өнімді өзімізде дайындауды ұйғарған. Ол үшін, осы маң таңдалынып алынған. 2016 жылы алғашқы кезеңі іске асатын жобаға облыс әкімі қолдау болатынын айтты.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жыл сайын, егіс алқаптарынан жақсы өнім алатын Қарғалы ауданында соңғы жылдары көкөніс түрлерін өсірушілердің қатары да көбейіп келеді. Солардың бірі "Пайда" шаруа қожалығы қазір картоп жинап, өнім қоймаға тапсыруда. Бұл жұмысқа жергілікті тұрғындар тартылған.  

ПАВЕЛ  ПОДДУБНЫЙ,  "ПАЙДА" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

- Биыл тек картоп қана ектік. Келесі жылы тамшылатып суару әдісін қолдануды жоспарлап отырмыз. Сол кезде, өзге де көкөніс түрлерін өсіретін боламыз.

Облыс әкімі "Ардағым" шаруа қожалығында да болып, балық өсіру жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда арнайы су қоймасында емес, табиғи көлшікте бекіре, ақсерке секілді сирек кездесетін балық түрлері өсіріп жатыр. Облыстағы жалғыз балық шаруашылығы, Қарғалы су қоймасына жақын орналасқан. Бүгін мұнда да облыс әкімі болып, кәсіпорынның қыс мезгіліне дайындығын білді.

БЕКЗАТ  НАМЕТОВ,  "КАЗВОДХОЗ" РМК АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірнеше елді мекедерде де болып, әлеуметтік нысандарын аралады. Петропвловка елді мекенінде жергілік дәрігерлік амбулаторияда және орта мектепте болды. Сыныптарға кіріп, ұстаз және оқушылармен сөйлескен облыс басшысы, білім ұясының кейбір қажетті жабдықтарының қызмет ету мерзімі аяқталғанын айтып сынға алды. Сондай-ақ, мектептің тазалығына   қатысты да өз ойын ашық айтты.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бердібек Сапарбаев, білім беру мекемелерінің материалдық - техникалық базасын уақыт ағымына сай жаңартып отыру керек деді. Қосестек ауылындағы мектеп пен балабақшада да болған облыс әкімі, мұндай ұйымдардың әрдайым тиісті талапқа сай болу керектігін ескертті.

Дүкенге кіріп, азық - түлік бағаларын білген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ең қажетті тамақ өнімдерінің бағасы еш негізсіз өспеуі керектігін айтты. Осы ретте, аудан және ауыл әкімдері мен жауапты тұлғаларға бағаға мониторинг жасап отыруды тапсырды. Бұл ауылдық жерлерді дамытудың негізгі тетіктерінің бірі деді ол.. Ә.М, Николай Сырбов, Арман Досмағанбетов, Самат Қалекенов  "Қ-А"

Жол азабын жүрген біледі. Әкім-қаралар ат арылтып ауыл-аймақты жиі аралауы керек. Ой-шұқыры көп жолдың кесірінен кәсіп қылам деген талайдың жоспары жүзеге аспай жатыр. Ал көгілдір отын - экономиканың күретамыры. Осылай деген облыс әкімінің сөзі Ащылысай ауылдық клубында жиналған жұрттың көкейіндегі ойды дөп басты. Бізге газ бен жол керек деді тұрғындар бірауыздан.

Ал Ащылысайда және  Степной ауылында мектеп, мектеп ішіндегі музей, ауыл клубы, амбулатория сияқты әлеуметтік нысандарға барды. Одан соң ірі шаруашылықтардың бірі "Степной" серіктестігінде болды. Тоқсаныншы жылдардың тоқырауында бар дүниені шашау шығармай сақтап қалған шаруашылықта бүгінде 250 ақбас сиыр, 3 мың қой, көшім тұқымды жылқы бар. Ет өнімдерін цехта шұжықтың 30 түрін жасап, күн сайын  облыс орталығына жөнелтіліп отыр.

Ал аудан орталығында облыс әкім Бердібек Сапарбаев Бадамшаның орталық жылу қазандығының, жасөспірімдер және спорт мектебінің және аудандық аурухананың жұмысымен танысты. Бадамшалықтардың 70 жылдан кейін қолы жеткен жаңа мектепті де аралап көрді. 255 оқушысы бар мектептің директоры облыс басшысын қарсы алғандағы сөзінің беташарынан бастап, соңына дейін орысша қайырғаны құлағы түрік журналистерге оғаш көрінгенін облыс басшысы да байқап, қазақ тілі пәнінің мұғаліміне сұрақты төтесінен қойды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қарғалы ауданына жасаған сапарын аудан тұрғындарымен кездесуінде қорытындылады. Алдымен аудан әкімі Рахат Сыдықов 9 айдың қорытындысы бойынша есеп берді. ауданда мал саны аз екенін байқаған облыс әкімі "Төрт түлікті кәсіп қылу қазақ үшін бөтен емес. Малсыз ауылдың не мәні бар".

Ауыл тұрғындары өздеріне кезек берілгенде түйіткілді мәселелерді жайып салды. Судың жайы, іргедегі ауалдарға газ құбыры келмей жатқаны бар, жалпы сұрақтар көп болды.

Жағасы жайлауда жүрген аудан атқамінерлерінен маза кетті.  Әлеуметтік және өндірістік нысандардағы кем-кетікті көрген Бердібек Сапарбаев қатаң талап қойды. Әлемде дағдарыс боп жатқан алмағайып уақытта арқаны кеңге салу жараспайды. Ауданды, ауылды басқарған әкім-қараларға "Әкім бол халқыңа жақын бол" дегенді қадап айтты.

Қосылды: 
30.09.2015 - 14:53
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 11:25

Жаңалықтар таспасы