Б. Сапарбаев Қобда ауданында болды

Көгілдір отынмен, ауыз сумен қамту, мектептерді жөндеу және жолдардың құрылысы. Осы және өзге де мәселелерді, ұсыныс-тілектерін бүгін Қобда ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа ауыл-аймақ тұрғындары жеткізді. Облыс басшысы бірқатар елді-мекендерді аралап көрді.

Елдімекендерді дамыту мемлекет басшысының қойып отырған басты талаптарының бірі. Шалғайда жатқан ауыл-аймақта әлеуметтік инфрақұрылымдарды, сондай-ақ негізі коммуникациялық жүйелерді дамыту қажет. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгін Қобда ауданының Бестау, Жаңаталап, Терісаққан және Жарсай елдімекендерінде болды. Осы аталған төрт ауылдың ішінде бестаулықтар ғана көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Өңір басшысымен кездесу барысында ауыл тұрғындары түйткілді мәселелерін жеткізді. Мәселен, олар ауыл шаруашылығының дамуына, зейнетақы жүйесіне, жол жөндеу жұмыстарына алаңдаулы.¤

БАҚЫТЖАН ӘДІЛОВ, ЖАҢАТАЛАП АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Елдімекендерді аралау барысында облыс әкімі әлеуметтік нысандардың материалдық-техникалық базасына көңіл аударды. Өйткені, мұндағы мектептер өткен ғасырдың 60-шы жылдарын еске түсіреді. Ескі мектеп күрделі жөндеуді талап етеді.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ,  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өңірде "сыбаға", "Алтын асық", "Құлан" бағдарламалары да жүзеге асырылып, мал басын асылдандыру қалыпты жүруде. Соңғы жылдары жаз мезгіліндегі ауа-райына байланысты, мал шаруашылығымен айналысушылардың қатары да артып келеді. Жарсай ауылында екі жылдан бері еділбай қойларының басын көбейтуді қолға алған "Алтын дала" шаруа қожалығы жұмыс істейді. Бүгінде қожалықта 1200 бас қой бар. Тұтас алғанда, ауыл кәсіпкерлері өңірдің дамуына белсенді атсалысулары қажет.  Олар мемлекет пен жеке меншік серіктестігі негізінде және  "Туған жерге тағзым" акциясының өркендеуіне үлес қосуы міндетті. Бұл мәселелерді облыс әкімі аудан орталығында қобдалық кәсіпкерлер мен жауапты басшылардың қатысумен өткен жиын барысында айтты.

Қосылды: 
02.03.2016 - 15:13
Соңғы өзгерiстер: 
05.09.2016 - 15:32