Б. Сапарбаев құрылыс нысандарында болды


Құрылысы тоқтап немесе созылып кеткен нысандардағы жұмыс қайта жандануы тиіс. Бұл туралы кеше қаладағы бірнеше маңызды объектілерде болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты. Аймақ жетекшісі, бой көтеріп жатқан нысандардың құрылысымен танысып, жұмыс жүргізіп жатқан кейбір кәсіпкерлерге қолға алған істің көпке созбай аяқтау керектігін тапсырды. {СБЮЖЕТ}

Нокин көшесінде салынып жатқан "Анвар" гипермакетінің құрылысы бірнеше жылдан бері жүргізілуде. Жалпы аумағы 6 мың шаршы болатын нысан биылғы желтоқсанда пайдалануға берілмек. Мұнда болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, дүкен басшылығына әлеуметтік топқа ерекше назар аударуды ұсынды. Сатылатын азық-түлік қолжетімді бағамен сатылуы керектігін айтты. Ал, қаланың қақ ортасында салынып жатқан "Космос" қонақ үйі алдағы жылы пайдалануға берілмек. Қазір мұнда 12 қабатты заманауи үлгідегі ғимарат салынып жатыр. "Оксибилд" серіктестігі бұл нысанды былтыр сатып алып, белсене жұмысқа кіріскен.

ГЕРАМ  АСРЯН, "ОКСИБИЛД" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

- Бұл 3+ класты қонақ үй болады. Барлық қажетті құрцылғылармен жабдықталады. Бассейн, спорт залы, әсемдік салоны, субұрқақтар, спа салоны барлығы болады. Келер жылы 16 желтоқсанда пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз.

Мұндағы құрылыс жұмысымен танысқан облыс әкімі, қонақ үйдің сапалы материалдармен қамтылуын ескертті. Бұрын Шератон қонақ үйін салған серіктестік өкілдері құрылыстың уақытында аяқталып, пайдалануға берілетінен мәлімдеді. Ал, орталық стадионға қарама қарсы беттегі құрылыс алаңы екінші деңгейдегі банктердің бірі болмақ. Ал, ДСК ауданы аумағында келер көктемде тағы бір құрылыс басталмақ. Кәсіпкерлердің айтуынша, мұнда жаңа бір бизнес орталығы бой көтереді. Бүгінде құрылыс салатын аумақ анықталған.

Көп уақыттан бері қоршаумен қапталған 12-ші шағын аудандағы нысанға қатысты жұмыстар қолға алынатын болады. Қала әкімінің айтуынша, қазір мұнда бірнеше қызмет көрсету орталығы бой көтермек. Бірақ, заң аясында реттелуі тиіс қажаттар бар көрінеді. Ал, "Нұрдәулет" сауда үйінің маңындағы шағын саябақты аралаған облыс әкімі, Абай ескерткішін күтіп баптау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ескерткіш жанындағы гүлзар мен орындықтарды, жүргіншілер жолын реттеуді тапсырды. Себебі, қала көркіне нұқсан келтіретін нысанның барлығы әдемі қалыпта болуы қажет деді.

Қосылды: 
21.09.2015 - 16:31
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 12:22