Б. Сапарбаев Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ студенттермен кездесуі

You are here

Сондай-ақ бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен және студенттермен кездесу өткізді. Ол әлемдік білім кеңістігінде бәсекелестік орнаған осы кезеңде уақыт ағымына сай  білім беру - басты талап екенін атап өтті. Кездесу барысында келелі әңгіме, өзекті мәселелер қозғалды.

Облыс басшысы кездесуді әдеттегідей білім ордасының тыныс -тіршілігімен, жұмыс барысымен танысудан бастады. Университет жанынан ашылған зертханалар мен ғылыми-тәжірибелік орталығын аралап көрді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ұжымға алдымен кездесудің мақсатын айтып, қатысушыларды ашық әңгімеге шақырды. "Шет мемлекеттерде ғана емес, еліміздің жоғарғы оқу орындарында білім алатын студенттердің қатарын арттыру қажет. Сондай-ақ өңір экономикасының дамуына үлес қосатын жоғарғы оқу орындарындағы білім сапасының деңгейін көтеру керек. Ал, шет елдерде біліктілігін арттырып келген оқытушылар көрген - білгенін, жиған тергенін өз тәжірибесінде іске асыруы тиіс- деген облыс басшысы болашақ мамандардың тұрақты жұмыспен қамтылу мәселесінде айналдып өтпеді.

КЕНЖЕҒАЛИ КЕНЖЕБАЕВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨМУ РЕКТОРЫ

Бірнеше жылдық тарихы бар оқу орнының жеткен жетістіктері де аз емес. Бүгінде 8 оқу ғимаратында еліміздің түкпір-түкпірінен келген студенттер білім алуда. Білім шаңырағының бұдан бөлек жетістіктері кездесу барысында кеңірек айтылды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Оқу орны бүгінде Қытай, Ресей, Германия және тағы да бірнеше шет елдермен тығыз байланыста. Өзге елдерде  тегін білім алып келген студенттері бүгінде оқытушылық құрамда қызмет атқарады. Оқу орнының мақтанышына айналған жастар ғылыми бірлестік құрып, білім деңгейінің жоғарылауына ат салысып жүр. Кездесу барысында білім-ғылым саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелер айтылып, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды. облыстағы ірі білім ордасында оқып жатқан студенттердің ата-аналары алғысын айтса, жастар жағы ұсыныстарын білдірді.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған келелі кездесуде пікір білдірушілер қатары көп болды. Кездесуді түйіндеген облыс басшысы әр сұраққа тұшымды жауап беріп, білім саласын дамытудағы алып-қосар ұсыныс пікірлер болса қолдау көрсетуге дайын екенін АЙТТЫ. 

Жаңалықтар таспасы