Б. Сапарбаев Үлкен ел Үлкен отбасы

Ақтөбеде бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы ассамблеясының "Үлкен ел- Үлкен отбасы" республикалық жалпыұлттық жобасы бастау алды. Бұдан әрі еліміздің барлық облыстарында жалғасатын шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Осы жоба аясында үгіт пойызы облыстың барлық аудандарын аралау үшін сапарға аттанды.

Тәуелсіз еліміздің қалыптасу кезеңінде қазақстандықтардың табысы 10 есе өсті. Адамдардың өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұлғайды. Бала туу деңгейі 67,7 пайызға артты. Жалпы облыстың өнім көлемі тұрғындардың жан басына шаққанда 40 есе артты. Өнеркәсіп 1000 есе өсті. Соңғы 5 жылдың ішінде ғана елімізде индустриалды даму бағдарламасы аясында 250 мың жаңа жұмыс орындарымен 950 жаңа кәсіпорын құрылды. Бұл жетістіктер - әрбір қазақстандықтың, оның ішінде әрбір ақтөбеліктің зор еңбегінің нәтижесі деп атап өтті облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Төрт мыңнан астам адам қатысқан ауқымды мерекелік шара "Қоныс" спорт сарайында өтті. Оған ардагерлер, жастар, үкіметтік емес ұйымдардың және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Құрамында мыңға жуық өнерпазы бар театрландырылған көрсетілім шараның сәнін келтірді. Онда тәуелсіздік қабылданған сәттен қазіргі уақытқа дейінгі еліміздің дамуының барлық сатылары бейнеленген.

НҰРХАН АҒНИЯЗОВ "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ АОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ  ОРЫНБАСАРЫ

Өңір басшысы өз кезегінде қаңтар-ақпан айларында облыстың барлық аудандарын аралап шығатын үгіт пойызына сәт сапар тіледі. Оның құрамында медицина қызметкерлері, заңгерлер, "Нұр Отан" партиясының, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері бар. Олар ауыл тұрғындарына қажетті медициналық, заңгерлік қызмет көрсетіп, шағын және орта бизнесті құру бойынша кеңестер береді.  Белсенді жастар тәуелсіздіктің 25 жылдығының негізгі жетістіктерін түсіндіру үшін облыстың барлық аудандарында болады. Айта кету керек, осы жылы облыста 5 мыңнан астам түрлі шаралар өткізу жоспарланған.Сондай-ақ 300-ге жуық әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі.

 

 

Қосылды: 
06.01.2016 - 16:21
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 09:46