Б. Сапарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев келді

Ақтөбеге жұмыс сапармен ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев келді. Бүгін ол, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге Ұлттық банк филиалының ұжымымен кездесті. Шара барысында облыс басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндап, өңірдегі қаржы секторының даму қарқыны тұрақты екенін мәлімдеді.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, Ақтөбеге алғаш рет келіп отыр. Іс-сапарының негізгі мақсаты - облыстың қаржы нарығындағы жағдаймен танысу. Бүгін ұлттық банктің филиал ұжымымен кездесу барысында, қызметкерлердің түрлі сұрақтарына да жауап берді. Шара барысында, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің даму көрсеткіштері туралы айтып,  қаржы секторының жағдайы тұрақты екенін атап өтті. Әлемдік дағдарысқа қарамастан, жыл басынан бері экономикада бәсеңдеушілік байқалмаған. Мұнайлы аймақта баға тұрақтылығы да сақталып келеді деді. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Өз кезегінде ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев, Ақтөбе облысының соңғы жылдардағы әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, өңірдің табиғи қазбаға бай екенін атап өтті. Оның айтуынша, облыс әкімдігінің қолдауының нәтижесінде Ақтөбе өңірі, екінші деңгейлі банктердің де табысты жұмыс істейтін аймағына айналды.  

ДАНИЯР АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Ұлттық банктің облыстық филиалында негізінен тәжірибелі мамандар қызмет істейді. Бұл банк жүйесінде үлкен маңызға ие. Кездесу барысында облыс әкімі алдағы уақытта біздің өңірде еліміздің батыс аймағы үшін қаржы орталығын құру туралы ұсынысын айтты. Себебі, болашақта агломерацияға айналуды көздеп отырған Ақтөбеде қазірдің өзінде бірнеше бағыттағы кластерді дамыту жолға қойылған. Ұлттық банк төрағасының ұжым қызметкерлерімен кездесуі, филиал жұмысымен тансумен жалғасты.

 

 

Қосылды: 
15.03.2016 - 11:39
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 11:44