Б. Сапарбаев әйелдер күресін кубогы үшін жарыстың салтанатты ашылуына қатысты

You are here

Даңқты палуан Жақсылық Үшкемпіровтың Мәскеуде өткен олимпиадада жеңіс тұғырына көтерілгеніне биыл 35 жыл толып отыр. Аты аңызға айналған қазақ палуанының құрметіне арналған Республикалық командалық біріншілік, Ақтөбеде өтуде. Оған еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан үш жүзден астам спортшылар қатысуда. Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ҚР-ның күбогі үшін жарыс, әлемдік деңгейде өтетін чемпионаттарға үздіктерді анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Жарыстың ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров және еліміздің мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қатысып, палуандарға сәттілік тіледі. Қазірдің өзінде командалық біріншіліктің алғашқы қортындылары белгілі.

Қаламыздағы "Қоныс" спорт сарайында басталған республикалық командалық біріншіліктің ресми ашылу салтанаты кеше өтті. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен грек-рим Жақсылық Үшкемпіров және мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, облыс әкімі мұндай ауқымды спорттық шараның Ақтөбеде өтуіне мүмкіндік жасаған тиісті министрлікке алғысын айтып, жарыстың маңыздылығына тоқталды. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Шара барысында, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев атақты палуан Жақсылық Үшкемпіровке жылы лебізін білдіріп, автокөлік сыйлады. Күрес ойындарынан үздіктер Ақтөбеден шығу керек деген атақты чемпион, жас спортшы Мейрамбек Айнагуловқа жейдесін табыстап, батасын берді. Жақсылық Үшкемпіров, ақтөбелік палуанды, өзінің ізбасары санайтынын да айтты. 

ЖАҚСЫЛЫҚ ҮШКЕМПІРОВ, ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ТҰҢҒЫШ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ

Қарашаның 4 мен 8 аралығында өтетін командалық біріншілікке еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан 300-ден астам спортшылар қатысуда. Жарыстың алғашқы екі күні грем-рим күресіне арналып, қазірдің өзінде жеңімпаз командалар анықталды. Бірінші орын Оңтүстік Қазақстан облысына бұйырса, ақтөбелік спортшылар екінші орынға ие болды. Ал, үшінші орын Қарағанды облысынан келген палуандардың үлесіне тиді. Ал, әйелдер күресі бойынша Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысының командалары алда келеді. 

ҚАЙРАТ САҒАДИЕВ, ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ

Жарыс, жексенбіге дейін жалғасады. Жеңімпаз командар, ұйымдастырушылар тарапынан кубок пен түрлі сыйлықтарға ие болмақ. Кейін үздік палуандар іріктеліп, халықаралық және әлемдік деңгейде өтетін чемпонаттарда өнер көрсететін болады. Ә.М, Айнадин Молдабеков "Қ-А" 

 

Қосылды: 
06.11.2015 - 16:42
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 09:31

Жаңалықтар таспасы