Б. Сапарбаев әйелдер қауымымен кездесті Гүлшара Әбдіқалықова

You are here

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, әйелдер қауымымен кездесті. Мемлекеттік хатшы Елбасының елге үндеген 100 нақты қадамын жүзеге асыру үшін түрлі салаларда қызмет ететін белсенділерді үлес қосуға шақырды. Сондай-ақ, ел тәуелсіздігін ұлықтау мен өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу қажеттігін атап өтті.

Кездесуге мемлекеттік органдар мен түрлі қоғамдық ұйымдарда қызмет ететін белсенді әйелдер және іскер кәсіпкерлер қатысты. Жиналғандар үстел басында мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықовамен және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен емен жарқын әңгіме өрбітті. Негізінен, елдегі әлеуметтік жағдай, ел тәуелсіздін ұлықтау, ұрпақ тәрбиесі және іскер әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы айтылды. Гүлшара Әбдіқалықова, ақтөбелік әйелдер қауымы республикадағы ең белсенді екенін атап өтті. 

ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ

Түрлі салада қызмет ететін ақтөбелік әйелдер қауымының белсенділігін, облыс әкімі де атап өтті. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, ішкі өнім өндіру ісіндегі көрсеткіштің 60 пайызы сол азаматтардың үлесіне тиесілі екенін айтты. Өңірдің әлеуетін арттырып, ахуалды тұрақты етуде де зор еңбек сіңіріп келеді. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Тұтастай алғанда, аймақтың саяси - экономикалық жағдайы тұрақты. Көптеген елді-мекендерді аралаған кезде де дағдарыс аса сезілген жоқ. Облыстың әлеуеті жақсы. Біздің болжамымыз бойынша бұл одан әрі сақталуы тиіс.

Кездесу барысында, мемлекеттік хатшы Елбасы ұсынған бес институттық реформаны жүзеге асыруға орай қабылданған 100 нақты қадам еліміздің одан әрі дамуына серпін беретінін атап өтті. Осыған байланысты бүгінде 59 заң мен бірқатар заңнамалық құжаттар күшіне енді. Ал, Елбасының Жолдауы әрбір қазақстандыққа жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты. Облыста "даму" қорымен Азиялық даму банкі бірлесіп 14 кәсіпкер әйелдің ісін жүргізуде 595 млн теңге қаржы бөліп, қолдау көрсеткен. Ал шетелдік ірі банктер арқылы 895 млн теңгеге 17 жоба  қаржыландырылған. Бұл жақсы көрсеткіш деген мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі қолдау, ауылдық жерлерде жұмыс орындарын құру және ұрпаққа рухани тәрбие беру секілді бірқатар маңызды мәселелерді атап өтіп, ана мен бала өмінін қорғау, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге көңіл бөлу керектігін жеткізді. Бұл істе әсіресе  өмірлік тәжірибесі мол, көп балалы аналардың да орны үлкен маңызға ие.   

НҰРИЯ САРҚҰЛОВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА

Отбасылық құндылықтарды дәріптеу мәселесі де сөз болды. Әсіресе, ұлттық тәрбие үлгісін кеңінен насихаттау, отбасындағы ата-ана рөлін арттыру қажет екенін де кездесуге келгендер атап өтті.

Қосылды: 
27.01.2016 - 12:00
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 09:53

Жаңалықтар таспасы