Б. Сапарбаев әлеуметтік ұйымдарда және өндіріс орындарында болды

You are here

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, қаланың бірнеше әлеуметтік нысандарын аралады. Білім сапасын арттыру мен болашақ мамандарды жиі-жиі тәжірибеден өткізуге баса назар аудару қажет деді. Ал, Қурайлы ауылындағы жөндеу жұмыстарын талап етіп отырған мектеп пен мәдениет үйінің жағдайына қала әкімдігі қолдау көрсетуі керек екенін айтты. Облыс басшысы, ақтөбеліктерді сүт өнімдерімен қамтып отырған "АНДИ" ЖШС-де де болды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың әлеуметтік нысандарды аралауы алдымен "Сымбат" жеке мектебінен басталды. 2001 жылдан бері  қызмет етіп келе жатқан білім ұясының жеткен жетістіктері көп. Оқыту бағдарламасында жалпы білім беретін мектептермен салыстырғанда ешқандай өзгерістер жоқ. Бірақ, әрбір оқушының сапалы біліммен қамтылуына және жан-жақты дамуына көңіл бөледі.

Білім сапасына көңіл бөлу - бұл мектептің басты ұстанымы. Өткен жылы осы білім ұясын тәмамдаған 15 оқушының бесеуі грантқа ие болған. Қазір түлектердің басым бөлігі шетелдік оқу орындарында білім алып жүр. Бұның басты себебі, оқу бағдарламасындағы үздік әдіс-тәсілдерді қолдану дейді мектеп басшылығы. Ұлттық біріңғай тестке дайындық ерте басталатын көрінеді. Бұл тұрғыда еліміздің білім және ғылым министрлігі мен қалалық білім бөлімімен байланыс орнаған. Ол, түлектердің нәтижесін талдауға, одан қортынды шығару септігін тигізеді. 

АЙНАГҮЛ ЖАНАЗИЛОВА, "СЫМБАТ" МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Қазір мұнда 500-ден астам оқушы білім алуда. Оларға білім, тәрбие беретін ұстаздардың да әлеуметтік жағдайы жақсы. Бұның барлығы оқу ісінде оң нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізіп келеді. 

Балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беруді қалыпты жолға қойған мектеп, кеңеюді де көздеуде. Келер жылы қаланың бір бөлігінен тағы бір оқу орнын ашпақ. 

АҚӨРІК ТАҢСЫҚБАЕВА, "СЫМБАТ" МЕКТЕБІ  ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Болашақ мамандарды даярлауда Ақтөбе кооперативтік колледжі де үлкен рөл атқарып келеді. Биыл оқу орны еліміздегі гумманитарлық-экономикалық бағыттағы колледждердің үздік бестігіне кірген. Мұнда болған облыс әкімі бірнеше аудиторияда болып, ұстаздар қауымы және оқушылармен сөйлесті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінде мұнда сегіз мамандық бойынша мыңға жуық оқушы білім алуда. Облыс әкімі жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, мамандығына сәйкес жиі-жиі тәжірибеден өткізуге көңіл бөлу керек деді. Себебі, бұл уақыттың басты талап екенін атап өтті. Ал, мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік әріптестігі аясында қазіргі күні мұндағы мектепалды даярлық тобында 100-ден астам бала тәрбиеленуде.

Облыс әкімі қаладағы әулие Николь шіркеуіне де аялдады. Мұндағы қызметкерлер облыс басшысына конфессияаралық келісімді нығайтуда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өтті. Сондай-ақ, шіркеу жанынан шағын ғибадатхана салу мен Темір ауданында 19 ғасырдың соңында бой көтерген ескі храмды жөндеуден өткізуге қолдау көрсетуді сұрады. Облыс әкімі шіркеу қызметкерлерінің өтінішін қабыл алып, тиісті ұйымдарға тапсырма беретін айтты. Бұдан кейін, Ақтөбеге жақын маңдағы Қурайлы ауылында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Округ әкімдігінде елді-мекенінің қазіргі жай-күйін сұрап білді.  

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ауылдағы Георгиев орта мектебі жөндеу жұмыстарын талап етеді. 1975 жылы салынған білім ұясы осы уақытқа дейін тек бірнеше рет ағымдағы жөндеуден өткен. Сондықтан да келер жылы қайта жаңарту жоспарланып отыр. Қазынадан бөлінетін 48 млн теңгеге есік терезелері, төбесі жаңартылады. Мектеп директорының айтуынша, қазір сметалық құжаттары дайындалып, сараптамадан өтті. Тіпті, қалалық мәслихаттың соңғы өткіщзген сессиясында да оң шешім қабылданған. Ал, білім ұясының көрсметкіштері жаман емес. Облыс әкімі мұндағы мұғалімдерге оқушылардың тәртібіне де баса көңіл бөлуді ескертті. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал, ауыл ортасында орналасқан мәдениет үйі, өткен ғасырдың 90 жылдары пайдалануға берілгенімен халыққа қызмет көрсетіп үлгермегенге ұқсайды. Әбден тозығы жетіп қазір жөндеу жұмыстарын қажет етуде.

Ауылға жақын маңда орналасқан АНди ЖШС-гі, ақтөбеліктерді сүт өнімдерімен қамтып отырған ірі шаруашылық. Мұнда күніне бес мың тоннадан астам сүт өндіріледі. Биыл сауынды сиырлардың басы 700-ге жеткен. Бұл өз кезегінде өнім көлемін ұлғайтуға септігін тигізуде. 

ЕРБОЛСЫН КУЧЕРБАЕВ, "АНДИ" ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ

Серіктестіктің ісі қалыпты жүруде. Жергілікті нарықты сүт өнімдерімен қамтуда зор үлес қосып келеді. Енді алдағы уақытта суармалы жерлердің аумағын ұлғайтып, голштейшн фриз тұқымды ірі қара малдарға жем-шөп қорын дайындауға аса мән бермек.

МӘДИ ҚАБАҚБАЕВ, "АНДИ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Серіктестік, жеке сүт фирмасын ашуды да жоспарлап отыр. Ол үшін ауылшаруашылығын қолдау қорынан қомақты қаржы алып, қажетті құрал-жабдықтарды орнатқан. Тіпті, алғашқы өнімін де шығарыпты. Бүгін сүт өнімдерін облыс әкіміне көрсеткен серіктестік басшылығы, келер жылы  цехтың толық қуатындав жұмыс істейтінін айтты. Бұл өз кезегінде жергілікті нарықты арзан тауармен қамтуға септігін тигізбек.

Жаңалықтар таспасы