Б. Сапарбаев әлеуметтік ұйымдарда және өндіріс орындарында болды

You are here

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың әлеуметтік нысандарды аралауы алдымен "Сымбат" жеке мектебінен басталды. 2001 жылдан бері  қызмет етіп келе жатқан білім ұясының жеткен жетістіктері көп. Оқыту бағдарламасында жалпы білім беретін мектептермен салыстырғанда ешқандай өзгерістер жоқ. Бірақ, әрбір оқушының сапалы біліммен қамтылуына және жан-жақты дамуына көңіл бөледі.

Білім сапасына көңіл бөлу - бұл мектептің басты ұстанымы. Өткен жылы осы білім ұясын тәмамдаған 15 оқушының бесеуі грантқа ие болған. Қазір түлектердің басым бөлігі шетелдік оқу орындарында білім алып жүр. Бұның басты себебі, оқу бағдарламасындағы үздік әдіс-тәсілдерді қолдану дейді мектеп басшылығы. Ұлттық біріңғай тестке дайындық ерте басталатын көрінеді. Бұл тұрғыда еліміздің білім және ғылым министрлігі мен қалалық білім бөлімімен байланыс орнаған. Ол, түлектердің нәтижесін талдауға, одан қортынды шығару септігін тигізеді. 

АЙНАГҮЛ ЖАНАЗИЛОВА, "СЫМБАТ" МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Қазір мұнда 500-ден астам оқушы білім алуда. Оларға білім, тәрбие беретін ұстаздардың да әлеуметтік жағдайы жақсы. Бұның барлығы оқу ісінде оң нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізіп келеді. 

Балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беруді қалыпты жолға қойған мектеп, кеңеюді де көздеуде. Келер жылы қаланың бір бөлігінен тағы бір оқу орнын ашпақ. 

АҚӨРІК ТАҢСЫҚБАЕВА, "СЫМБАТ" МЕКТЕБІ  ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Болашақ мамандарды даярлауда Ақтөбе кооперативтік колледжі де үлкен рөл атқарып келеді. Биыл оқу орны еліміздегі гумманитарлық-экономикалық бағыттағы колледждердің үздік бестігіне кірген. Мұнда болған облыс әкімі бірнеше аудиторияда болып, ұстаздар қауымы және оқушылармен сөйлесті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінде мұнда сегіз мамандық бойынша мыңға жуық оқушы білім алуда. Облыс әкімі жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, мамандығына сәйкес жиі-жиі тәжірибеден өткізуге көңіл бөлу керек деді. Себебі, бұл уақыттың басты талап екенін атап өтті. Ал, мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік әріптестігі аясында қазіргі күні мұндағы мектепалды даярлық тобында 100-ден астам бала тәрбиеленуде.

Қосылды: 
25.12.2015 - 11:59
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 12:26

Жаңалықтар таспасы