В.Божко Ақтөбе облысының ауылдық тұрғындарына Президенттің бес әлеуметтік бастамасының артықшылықтарын түсіндірді

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен ҚР Парламентінің Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко келді. 30  наурыз, сенбі күні төменгі палата төрағасының орынбасары мен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Ырғыз және Әйтеке би аудандарының тұрғындарымен кездесіп, ауыл халқына мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамаларының артықшылықтарын түсіндірді.

Аудандық мәдениет  үйінде ырғыздықтармен өткен кездесуді ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бүгінде елімізде, атап айтқанда Ақтөбе облысында  Президенттің Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру басталғанын атап өтті.

- Былтыр біз 790 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға бердік. Биыл кем дегенде 850 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясындағы құрылыстар белсенді жүріп жатыр. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік желісі бойынша студенттерге арналған жатақханалардың құрылысы белгіленген. Бизнесті дамытуға қатысты айтар болсақ, бүгінде кәсіпкерлік саласымен облыс тұрғындарының шамамен 32%-ы айналысады. Бұдан басқа, халықтың 88%-ын газдандыру жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы облыс экономикасының 5 пайыздық өсімі қамтамасыз етілді. Осы жылғы болжамдар да оң қабақ танытып тұр, - деді өңір басшысы.

Халықтың бес әлеуметтік бастамадан алатын барлық артықшылықтары туралы өз баяндамасында  Владимир Божко толығырақ айтып берді.   

- Бірінші бастама аясында қазақстандықтар 25 жылға дейінгі мерзіммен 20% алдын ала төлем жасай отыра жылдық 7 пайыздық несие ала алады. Ірі қалаларда несие сомасы 20-25 млн теңгеге дейін, облыстарда 13-16 млн теңге және ауылдық жерлерде 7-8 млн теңге құрайды. ипотекалық қарыз көлемі әрі қарай 50 млрд теңгеге өсе отырып, 100 млрд. теңгеге дейін екі есе артады деп күтілуде. Қосымша 300 мың шаршы метр немесе жылына 5 мың пәтер салынады,-деп атап өтті Божко.

Салықтық жүктемені азайту жөніндегі әлеуметтік бастама 6,4 миллион қазақстандыққа әсер етеді. Жергілікті бюджеттерге бұл әсер етпейді, өйткені алынбаған түсімдер республикалық бюджеттен компенсацияланады, - деп түсіндірді мәжіліс депутаты.

Божко сондай-ақ, ұстаз беделін арттырудың, білім гранттарының санын арттыру мен студенттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз етудің позитивті тиімділігін айтты.

- Келесі оқу жылы қосымша 20  мың білім гранты бөлінеді. Оның 16 мыңы бакалаврларға, соның ішінде 11  мыңы техникалық оқу орындарына, 2 мыңы ауыл шаруашылық мамандықтарға бөлінеді. Сонымен бірге 75 мың студенттің тұруы үшін 150 жатақхана салынады деп жоспарлануда,-деді ол.

Ауыл тұрғындары Владимир Божкоға келгені үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының әрбір бастаманы белсенді қолдайтындықтарын, өйткені олар қарапайым адамдардың өмірін жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Осындай кездесулер Әйтеке би ауданының Қарабұтақ және Комсомол ауылдарының тұрғындарымен де өтті.

Бұдан өзге, Мәжіліс вице-спикері жұмыс сапары аясында Ырғыз ауылындағы жаңа шағын аудан мен интернаты бар 300 орындық орта мектептің құрылыс барысымен танысып, ТЖД-нің арнайы техникалары мен күштерінің Комсомол ауылындағы тасқын кезеңіне дайындығын қарап шықты.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі