Владимир Божко Қурайлы ауылының тұрғындарымен кездесті

Сәрсенбі, 4 сәуір күні Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Божко мен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болды.

Олар Қурайлы ауылында өткен жылдың көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер үшін салынған үйлерді көрді. Белгілі болғандай, Қурайлы ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға тұрғын үй салу үшін 81 жер телімі бөлінді. Демеушілердің қолдауымен әрбір отбасына құрылыс материалдарын сатып алуға 1 млн. теңге бөлінді. Инженерлік коммуникациялар жүргізіліп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге және аумақты жақсартуға көмек көрсетілді.

- Қиындыққа ұшыраған адам үшін ең бастысы - басында шатыр болуы. Жергілікті билік органдарының халықты қолдау мәселелеріне ерекше назар аударғаны қуантады. Жалпы, азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешу - Мемлекет басшысы қойған басты міндеттердің бірі», - деді Божко ауыл тұрғындарымен кездесуде.

Ол сондай-ақ ауыл тұрғындарына Мемлекет Басшысының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудан ел тұрғындарының алатын артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

- Президенттің тапсырмасы бойынша биылғы жылы студенттерге қосымша 20 мың грант бөлінетін болады. Олардың көпшілігі техникалық және аграрлық салалардағы мамандарды даярлауға арналған. Біздің жастарымыз осы мамандықтар бойынша әрекет етуі керек. Тегін білім алудан басқа, олар еңбек нарығындағы сұранысқа ие болуы мүмкін, өйткені біздің елде дәл осы кадрлар тапшылығы бар», - деді Божко.

Ол ақтөбеліктерді кәсіпкерлікте белсенділік танытуға шақырып, бұл бастамалардың бірінде биылғы жылы халықты микронесиелеуге қосымша 20 млрд. теңге бағытталатынын айтып өтті.

Салықтық жүктемені азайтудың тағы бір әлеуметтік бастамасы 6,4 миллион қазақстандыққа әсер етеді. Жергілікті бюджеттерге бұл әсер етпейді, өйткені пайдасыз кіріс республикалық бюджеттен өтеледі, - деп түсіндірді мәжіліс депутаты.

Өз кезегінде ауыл тұрғындары Мемлекет басшысының бастамаларының әрқайсысына Қазақстан азаматтары тарапынан белсенді қолдау көрсетіліп, қарапайым адамдардың өмірін жақсартуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Бұдан басқа, құрметті қонақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған «Өнер орталығында» болды. Орталық қаланың басты даңғылы Әбілқайыр хан бойына салынған және 13 мың шаршы метрді құрайтын үлкен аумағы бар. «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ құрылысқа 1,5 млрд. теңге инвестиция құйды. «Өнер» орталығында 1200 көрерменге арналған бірегей концерт залы бар.

Төменгі палатаның вице-спикері «Олимп» хоккей модуліне де барды. Облыста бұл тәуелсіздік жылдарында салынған қысқы спорт түрлерінің алғашқы спорт кешені. Кешенде балалар қысқы спорт түрлері шайбалы хоккей, шорт-трек және мәнерлеп сырғанаудан жаттығады.

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Владимир Божко Ырғыз, Әйтеке би, Алға аудандарында болып, халықпен кездесіп, бірқатар әлеуметтік нысандарға барды.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі