Гүлшара Әбдіқалықова НИШ, Айлин ұйымдарында болды

You are here

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Ақтөбенің бірқатар әлеуметтік нысандарын аралап көрді. Соның бірі - мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде  салынған «Айлин» мектепке дейінгі ұйымы. Жаңа ауданда орналасқан балабақшаны көрген соң, Гүлшара Әбдіхалықова Назарбаев зияткерлік мектебіне барды. Мұнда оқушылардың ғылыми жобаларының көрмесімен танысты.

«Балапан» бағдарламасы шеңберінде  ашылған "Айлин" балабақшасы Батыс-2 ауданында орналасқан. 320 орындық, үш қабатты ұйым заманауи талаптарға сай жабдықталған.  12 топта бүлдіршіндер уақыт  талабына сай білім мен тәрбие үрдістерімен қамтылған. Аптасына 5 күндік тәртіппен жұмыс жасайды.  

АЙГҮЛ УРТАМБАЕВА, ӘДІСКЕР

Жалпы, қазір облысымызда «Балапан» бағдарламасы аясында балабақшалардың ашылуына көп көңіл бөлінуде. Мәселен, мектепке дейінгі ұйымдардың ескі ғимараттары қайтарылып, батыс-2 ауданында  мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің әріптестігі негізінде  балабақша мен мектеп құрлысы жүріп жатыр.Жалпы, соңғы екі жылда өңірде  905 орындық мемлекеттік тапсырысты орындаған 10 жеке балабақша ашылған болатын. Жыл соңында  Заречный-1 ауданында 150, және «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданынан 320 орындық балабақшалар ашылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде 5 мыңнан аса  бүлдіршін мектепке дейінгі ұйыммен қамтылды. Мемлекеттік хатшыға балалар шахмат ойнау шеберлігін көрсетті.

Сапар аясында Гүлшара Әбдіхалықова физика математика бағында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебіне де барды. Мемлекеттік хатшы мұнда  оқушылардың шығармашылығымен, ғылыми-жобалық жұмыстар көрмесімен танысты. Жобалар туралы балалардың өздері айтып берді. қазақ тілін үйренген оқытушы да өз тәжірибесімен бөлісті.

 

Қосылды: 
26.01.2016 - 11:26
Соңғы өзгерiстер: 
02.09.2016 - 10:00

Жаңалықтар таспасы