Г.Әбдіқалықоваға «Aнаға тағзым» рухани және адамгершілік тәрбие беру орталығы таныстырылды

Ақтөбеде Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанда алғашқы «Aналарға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығының құрылысы жүруде. Бірегей жобамен ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова танысты.

Жоба облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен  «Туған жер» акциясы аясында демеушілер мен облыс тұрғындарының қолдауымен жүзеге асырылуда. Бастамашыл топтың құрамына кірген қоғамдық топтардың өкілдері мен іскер және табысты әйелдер орталықтың тұжырымдамасын әзірледі.

- Аталған кешеннің ашылуы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасы аясында жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беруде үлкен маңызға ие болады, - деді облыс әкімі.

Нысан республикадағы алғашқы болып табылады және әрқайсысының есімі қасиетті және баға жетпес болып саналатын барлық аналарға құрмет көрсетуге шақырады. Орталықтың ерекшеліктерінің бірі келушілер Бопай Ханым, Нұрсұлу Тапалова, Роза Жаманова, Әлия Молдағұлова, Аққағаз Досжанова және Қазақстан тарихында орны ерекше басқа да ұлы әйелдердің өмірімен және ерлігімен  жан-жақты таныса алатын экспозициялық зал болмақ.

Кешенде психологиялық жеңілдену және кеңес алу, қолданбалы өнер, жалпы даму, музыкалық тәрбие беру, стилистика мен дизайн, отбасылық тренинг және т.б. кабинеттер орналасады. Жалпы орталық қызметі әйелдің отбасындағы рөлін күшейтуге, қазақ халқының салт-дәстүрін ескере отыра болашақ аналарды тәрбиелеуге бағытталатын болады.

Бұдан басқа, Г.Әбдіқалықова МЖС аясында салынған «Дару жарығы» офтальмологиялық емханасының жұмысымен танысты.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі