Діни ахуал талқыланды

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары жазықсыз жандардың құрбан болуына әкеліп соққан терроршылардың әрекетін қатаң айыптады. Бүгін Мұхтар Құл-Мұхаммед облыс имамдарымен кездесті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, еліміздің бас Мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы қатысты. Сондай-ақ аймақтың барлық мешіттерінің бас имамдары мен теолог мамандары қатысты. Шара барысында облыстың қазіргі діни жағдайы талқыланды.

 "Лаңкестерді ешқандай себеп ақтай алмайды". Соқыр сенімнің жетегіне түскендерге дер кезінде түзу жолды көрсете алмаған барлығымыздың да кінәміз бар деді Партия Төрағасының бірінші орынбасары. Уағызымыз, айтар сөзіміз жетпегендіктен елімізде қанды оқиға орын алып отыр деді ол.

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Жер бетінде екі миллиарддан аса мұсылман бар. Олар қасиетті Рамазан айын асыға күткені белгілі.  Бірақ, Ақтөбеде жантүршігерлік қайғылы оқиға орын алып, иманды жандардың қабырғасын қайыстырды. Бұл елімізге төнген қауіппен бірге күресуіміз керек деді бас мүфти.   

ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ

Қазір шабуылға қатысқан қанды қол қарақшылардың барлығы анықталды. Бірқатары ұсталып, түрмеге қамалды. Қашып жүргендерін қолға түсіру үшін өкілетті органдар аянып қалмақ емес.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазақстан халқының бірлігі бекем. Бірақ, елдегі тұрақтылықты шайқалтқысы келетін сыртқы күштердің бары рас деген жиынға қатысушылар Тұнығымызды лайлағысы келетін кез-келген әрекетке қарсы тұру баршамыздың міндетіміз деп тарқасты. 

 

 

Қосылды: 
07.06.2016 - 12:24
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 16:22