Діни себептерге байланысты мектепке орамал киіп келетін Ақтөбе облысының балалары мектептің дресс-кодын ұстана бастады

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Ләззат Уразбаева айтты.

«Ағымдағы жылдың басындағы мониторинг барысында облыстың 88 мектебінде мектептің киім үлгісін сақтамайтын 340 оқушы анықталды. Ақпараттық-түсіндіру жүмыстарының нәтижесінде 2018 жылғы 13 наурызда мектепке жоғарыда аталғандардың қатарындағы 268 оқушы мектептік киім үлгісімен келе бастады, 32-сі басқа өңірге көшіп кетті. 72 ата-анамен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Ләззат Уразбаева.

Мектептің киім үлгісін сақтамайтын оқушылардың ата-аналары білім ұйымдарының басшыларын сотқа берді. Мұғалжар, Темір, Шалқар және Қобда аудандарының мектептеріне және Ақтөбе қаласының №№ 8, 13, 23, 36, 40, 48, 49, 60, 62 мектептеріне байланысты ата-аналардың талап арыздары Ақтөбе қаласы сотының шешімімен қанағаттандырылмады. Хромтау ауданы ата-аналарының талап арыздары сотта қаралуда.

Одан басқа бұл оқиға Ақтөбе облысының Білім сапасын бақылау департаментінің бақылауында тұр.

Ақтөбе облысының Білім сапасын бақылау департаменті бастығының м.а. Жанат Мухамбеталина: «Ақтөбе облысының Білім сапасын бақылау департаменті ҚР Әкімшілік кодексінің 409 бабының 2 тармағы негізінде 18 ата-анаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салды. Тағы да 4 әкімшілік іс қаралуда», - деген деректерді келтірді.

Діни істер басқармасының басшысы Жолдас Калмаганбетов міндетті түрде орамал киюдегі имандылық – имандылық мәселесі, ал оны кию – амал мәселесі деп атап көрсетті. Имандылық бөлек нәрсе, амал бөлек нәрсе. Амал имандылық бөлігі де, оның тікелей көрінісі де болып табылмайды.

«Мектепте хиджаб киюге тыйым салынуымен келіспейтін ата-аналар мынаны ескеруі керек, егер үйдегі тәрбие дұрыс болатын болса, егер отбасында қыз бала шынайы дін негіздерін, діни білім алатын болса, мектепте хиджабсыз 5-6 сағат жүргеннен ол өз нанымынан бір қадам да аттамайды. Ал егер отбасылық тәрбие дұрыс болмаса баланы дінсіздіктен және басқа да жеке проблемалардан сақтау еш мүмкін емес» деп қорытындылады Жолдас Калмаганбетов.

Біздің мемлекетіміз Конституциямызға сәйкес зайырлы мемлекет деп бекітілген. «Зайырлы мемлекет» деген түсінік мемлекеттің діннен және діни бірлестіктерден бөлек екенін көрсетеді. Конституцияның 22 бабы 2 тармағында еліміздің кез-келген азаматы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауы, түрлі міндеттерді атқаруы тиіс деп айтылады.

Осы жағдайда жоғарыда аталған нормалармен және заңдармен бірге ведомство ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығын басшылыққа алады, онда орта білім ұйымдары үшін мектептің киім үлгісінің міндеттілігінің талаптары бекітілген.

Сондай-ақ, әрбір мектептің жарғысында осы ережелер туралы тармақ бар және ата-аналар жиналысы жыл сайын өткізіліп, онда киім үлгісінің түрі мен стилі бекітіледі.

 

Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі