Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес

You are here

Сондай-ақ,  Діни экстремизим мен терроризмге қарсы  күрес бойынша 2013-2017 жылдарға арналған шаралар жоспарының орындалу нәтижесі, терроризмнен қорғау шаралары туралы мәселелер антитеррорлық комиссия және діни ұйымдармен байланыс бойынша кеңестің біріккен отырысында талқыланды. Бұл жиынға облыс әкімі Бердібек сапарбаев төрағалық етті. 

Облыстық ішкі істер департаментінің ақпараты бойынша, құқық қорғау органдары террорлық әрекеттер кезінде қорғанысы осал болуы мүмкін деп танылған 110-нан астам ғимаратты тексерген.   

МАХСУДХАН  АБЛАЗИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Облыс әкімі террорлық әрекетер кезінде осал болуы мүмкін нысандардың тізімін қайта қарап, толықтыруды тапсырды. Сонымен қатар, ғимараттарды заманауи инженерлік-техникалық күзет құрылғылармен жабдықтауды міндеттеді.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Айта кету керек, жыл басынан бері ақпараттық-насихат топтары терроризм мен экстремизимнің алдын алу мақсатында 970-тен астам шара өткізген. Облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Бауыржан Есмаханның айтуынша, дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде жүргендермен жеке-дара кездесулер әлдеқайда әсерлі, нәтижелі екенін көрсетіп отыр. 

БАУЫРЖАН  ЕСМАХАН, ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

Алдын алу шараларына неғұрлым жауапкершілікпен қарап, бұл жұмыстарға айырықша көңіл бөлу қажет. Бұл жерде құқық қорғау органдары, арнайы органдар және жергілікті билік, ең бастысы қоғамдастықтар, бірігіп қималдауы керее, деді қорытынды сөзінде Бердібек сапарбаев.

 

Қосылды: 
22.06.2016 - 11:29
Соңғы өзгерiстер: 
09.09.2016 - 12:35

Жаңалықтар таспасы