Дәрігерлер қашан да зор құрметке лайық

Медицина қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында ақтөбелік дәрігерлер ерекше қошеметке ие болды. Ұзақ жыл медицина саласында абыройлы қызмет атқарған бірнеше дәрігерге қомақты қаржының сертификаты табысталды. Бұдан бөлек, үш дәрігерге пәтер кілті берілсе, тағы бірнешеуі министр алғыс хатына иеленді.

19 маусым - медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Төгілген маңдай тердің, жұмсалған күш-қайраттың, төзім мен шыдамның өтеуі болар мереке. Медицина университеті жанынан салынған жатақхананың мәжіліс залы да дәрігерлерге толы. Олар бүгін  әдеттегідей ақ халатпен емес, талғаммен киінген, ерекше көрікті. Себебі олар жыл бойғы еңбектері үшін зор құрметке бөленбекші.

АРЫСТАН БАЗАРБАЙ, ДӘРІГЕР - ХИРУРГ

Сырқатына ем, жанына дәру іздегендер дәрігердің көмегіне жүгінері хақ. Сондықтан бұл мереке дауа іздегеннің көңіліне демеу болған жандардың ерен еңбегі бағаланатын күн. Ерекше мамандық иелері бүгін министрліктің, облыс әкімдігі атынан бағалы сыйлықтарға ие болды. Үш дәрігер енді қоныс тойын тойламақ.¤

ҒАЛЫМ ЗОРҒҰЛОВ, ДӘРІГЕР-ТРАВМАТОЛОГ

Сондай-ақ медицина қызметкерлері қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова атындағы сый мен министр алғыс хатымен марапатталды.

 

Қосылды: 
17.06.2016 - 09:48
Соңғы өзгерiстер: 
09.09.2016 - 14:20