Егер мұқтаж адамдар тізімінде бір адам тұрса, неше бөлмелі пәтер ұсынылады?

You are here

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 75-бабына сәйкес, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме берiледi. Сонымен бірге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй ауданын айқындаған жағдайда отбасыда жүктілігі жиырма екі аптадан жоғары әйел адамның бар болуы ескеріледі. Сәйкесінше, егер отбасыда 1 адам болса, Сізге 1 бөлмелі пәтер ұсынылады.

Жаңалықтар таспасы