Елбасының барлық тапсырмалары толық орындалуы керек

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен республикалық телекөпірдің онлайын көрсетілімі облыстық әкімдікте өтті. Телекөпірдің барысын онлайн-режимінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, оның орынбасарлары, облыстық мәслихат хатшысы, аймақтың департамент және басқармалар басшылары көріп отырды. Индусртиаландырудың екінші бесжылдығының іске қосылған жаңа жобаларымен танысқан соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар міндеттер жүктеді. Бұдан соң, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та берілген тапсырмалардың орындалуын талқылады. Индустриаландыру бағдарламасы бойынша өңірде жүзеге асуы тиіс 6 жобаны қадағалау басты міндет. Сондай-ақ индустриалдық, инновациялық жобалардың ғана емес, облыста аграрлық бағдарламалардың ақсап тұрғанын айтқан облыс әкімі жауапты тұлғаларды тұқыртты. Ол мемлекет шағын несие беру арқылы қолдау көрсетіп отырғанда оны игеру, қолынан іс келетін азаматтарды тарту, халықты ақпараттандыру жұмысы жүрмей отыр деп қатаң сынады. 

Қосылды: 
01.07.2016 - 14:31
Соңғы өзгерiстер: 
20.09.2016 - 10:58