Елбасы Ақтөбелік балаларды жаңа жылмен құттықтады

You are here

Жаңа жыл қарсаңында еліміз бойынша мыңдаған бала Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құттықтаулар қабылдап, сыйлық алды. Бүгін Ақтөбеде де "Ғажайыпқа толы жаңа жыл" атты "Президент шыршасы" өтті. Мерекелік шараға қатысқан 200-ге жуық баланың әр қайсысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Елбасының арнаулы сыйлығын табыстады. Әдемі безендірілген алып шыршаның маңына топтасқан балалар ертегі кейіпкерлері дайындаған тосын сыйлар мен ғажайып көріністердің куәсі болды. Театр актерлері ұсынған "Жаңа жылдық Жібек жолы" атты ертегі қойылымын тамашалады.

Жаңа жыл мерекесіне ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасылардың балалары қатысты. Мерекенің басты тақырыбы - Мәңгілік ел идеясына негізделді. Балалар Елбасының жаңа жылдық құттықтауын үлкен экран арқылы көріп, қабыл алды. Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев ел болашағы - ба­ла­ларға жаңа жылда жаңа жетістіктер мен барлық арман­дары­ның орындалуын және сапалы білім алып, алға қойған мақсат­тарына жете берулерін тіледі. 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Бүлдіршіндер мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды ерекше ықыласпен қарсы алды. Жаңа жылдың белгісі - жасыл шыршаның қызылды-жасылды шамдарын қосу үшін, бүлдіршіндер аянып қалмады. Ән айтып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Қоржыны дәмге толы Аяз ата да жомарт болды. Бұл шараға арнайы қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал сахна төрінде өткен қойы­лым­дардан балалар ертегі кейіпкерлерін, баһадүр-батырларды және қазақ тарихында орны бөлік шешен-билерді көрді. Әдемі үйлесім таба білген сан алуан ойындар, жұм­бақ­тар мен жаңылпаштар, сондай-ақ мың бұралған бишілер мен күміс көмей ән­ші­лердің өнері жаңажылдық мерекенің сәнін келтіріп, сүй­кімді балақайларды ерекше таңқалдырды.

СТОЦКИЙ ВАСИЛИЙ, ОҚУШЫ /АЛҒА АУДАНЫ

АҚНҰР МЭЛСБЕКОВА, ОҚУШЫ /ТЕМІР АУДАНЫ

Естен кетпес салтанатты шарада балалалар қол ұстасып шырша әнін айтты. Жаңа жылдық ертегі бүлдіршіндермен қатар, ересектерге де ұнағаны сөзсіз. Сондай-ақ әсем безендірулер мен кейіпкерлердің костюмдері де бұл мерекені ерекше етіп көрсетті.

РУСЛАН БЕГІМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Президент шыршасына балалар облыстың барлық аудандарынан келді. Оларды іріктеу үшін арнайы комиссия құрылған болатын. Көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларының ішінде, оқуда жақсы жетістіктерге жеткен үздіктерін шақыруға тырыстық. Қаланың оқушылар да осындай талаппен тандалынып алынды.

Дәстүрге айналған шара, биыл да жоғары деңгейде өтті. Бір сәт ертегі әлеміне сапар шеккен балалардың , көңілдері көтеріліп, жүздері бал бұл жанды. Құшақтары жаңа жылдық сыйлыққа толып, мерекелік торттан дәм татты.

 

Қосылды: 
24.12.2015 - 11:24
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 12:29

Жаңалықтар таспасы