Ерлердің ерлігі ұмытылмайды

You are here

Жалпыұлттық аза тұту күнінде ұлттық ұланның 66/55 әскери бөлімі қаза тапқан үш батырын аза тұтуда. Олардың ерлігін, антқа деген адалдығын  әскерилер толғаныспен айтып, жауынгерлердің жан-пидалығы жастарға өшпес өнеге екенін жеткізді.

"Жалпыұлттық аза тұту күнінің" ұлттық ұланның 66/55 әскери бөлімі қызметкерлері үшін  орны бөлек.  Өйткені, қаралы жексенбі бесінші маусымда қандықол қылмыскерлер осы бөлімшеге баса көктеп кіріп, шабуыл жасады. Оларға қарсыласқан әскерилер Отан алдындағы борышына адал болды. Соңғы демі қалғанша оқыстан шабуылдаған жаудың бетін тойтарды. Сол жерде келісімшарт бойынша жұмыс істеп жүрген 3 әскери қызметші қаза болып, алтауы жараланды. Бүгін қызметтестері  қаза тапқан әріптестерін аза тұтты.

МҰХАМЕТҚАЛИ САТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАС ҚОЛБАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Әскери қызмет қауіп-қатермен қабысып жатыр. Осы саланы таңдаған әр азамат әуелден мұны білді. Дегенмен, олар үшін қуатты құзырет емес, Отанды қорғау  қызмет - маңызды. Сәйкесінше, әскерилер елдің бір күндік болса да тыныштығы үшін, тұтас ғұмырын қия салуға дайын. Оған дәлел Ақтөбедегі ерлердің ерлігі.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Лаңкестер шабуылына қарсы тұрып, оққа кеудесін тосқандардың бірі Артем Авдеев. Ол сол күні кезекшілікте болған. Әскери бөлімге басып кірген қылмыскерлермен шайқасты. Қатардағы жауынгер осыдан алты ай бұрын әскер қатарына алыныпты. 

АРТЕМ АВДЕЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАН 66/55 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ҚАТАРДАҒЫ ЖАУЫНГЕРІ

Мен қорыққан жоқпын. Менің есіл-дертім тек жауыма қарсы тұру болды. Өзгелер зардап шекпесін деп, қарсы оқ аттым. Қақтығыс кезінде  маған да оқ тиді. Абырой болғанда тек төбе тұсымды жанап қана өтті. Қылмыскерлер өз жазасын алатынына сенемін.

Аза тұту күніне жарақат алған әсерилер мен жауынгер сарбаздардың ата--аналары, туысқандары да қатысты. Қызылордалық жауынгердің анасы ұлының аман қалғанына қуанып, оны мақтан тұтатынын жеткізді.

 

 

 

Қосылды: 
09.06.2016 - 14:45
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 16:17

Жаңалықтар таспасы