"Ерлер-жердің қорғаны елдің тұтқасы" атты мерекелік шара өтті

You are here

Қазақстан қарулы күштерінің құрылған күнін Ақтөбе жұрты да ел аймақтарымен бірдей, кең көлемде атап өтті. "Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы" деп аталған салтанатты шара бүгін тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта ақтөбеліктер мен қала қонақтарының басын қосты. Ақтөбе гарнизонының 66/55 әскери бөлімшесінің, Ақтөбе заң институты мен Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының сарбаздары саябақ алаңында сап түзеді. Ақтөбеліктерді Отан қорғаушылар күнімен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс басшысы сондай-ақ, тәуеліз қазақ елін қорғауда зор ықпалын тигізгені үшін 15 әскери қызметкерді мерекелік медальдар және грамота, алғыс хаттармен марапаттады. 

Арыстан Исмамбетовке де қызметтегі адал еңбегі үшін облыс әкімі кеудесіне медаль тақты. Ол 20 жылдың ішінде жергілікті әскери институтта жүздеген ұшқышты даярлады. Өз жұмысының үздігі деп танылған Арыстанның аспан әлемін бағындыру - бала кезден бергі арманы. Ал білімді Саратовтағы әскери училищеде алған. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін ол туған жері Ақтөбеге қайтып оралады.

АРЫСТАН ИСМАМБЕТОВ, Т.БИГЕЛДИНОВ АТЫНДАҒЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ 

Әскери қызметке бару үшін ең бастысы бойда қайрат, жүректе намыс болуы қажет. Содан соң, сардарлар әр кезде де халыққа қызмет етуге дайын болуы керек деп санаймын. Әскери тұлғаға адамгершілік, ізгілік пен жауапкершілік қасиеттері тән.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың алғыс хатымен марапатталғандардың бірі - 30/238 әскери бөлімінің сержанты Болатбек Зиядин. Еліне қалтқысыз қызмет етіп, еңбегімен ерекшеленген Болатбек бұл салада 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әскерден оралған соң, келісімшарт арқылы өзінің туған жеріне келіп жұмыс істеп жүр. 

БОЛАТБЕК ЗИЯДИН, 30/238 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ СЕРЖАНТЫ

Салтанатты шараны мектеп оқушылары да тамашалады. Олар өздерін отаншылдық рухта тәрбиеленіп жатқан қазақ елінің патриоттары санайды. Оқушылар сап түзеген сарбаздардың парадынан үлкен әсер алған. Отанға қызмет етеміз деп, елге деген сүйіспеншіліктерін жеткізді.

ӘЛІШЕР ТЫНЫШТЫҚ, №24 ЛИГВИСТИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ

ЕРКІНБЕК ЕСҚАЛИЕВ, ЕСЕТ БАТЫР АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨПСАЛАЛЫ ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ

Мерекелік шара барысында ақтөбелік өнерпаздар жиналған жұртшылыққа концерттік бағдарламасын ұсынды. Күй төгіліп, ән айтылды. Мың бұралған қыздар би биледі. Көптің көңілі көтеріңкі, жүздері жайдарлы.

 

Қосылды: 
07.05.2016 - 11:57
Соңғы өзгерiстер: 
16.09.2016 - 15:35

Жаңалықтар таспасы