Есімдері мәңгілік ел есінде

You are here

Ақтөбеліктер лаңкестердің қолынан қаза болғандарға тағзым етіп, Пантера дүкенінің алдына гүл шоқтарын қойды. Теракт құрбандарын еске алу шарасына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Қанды оқиғаны еске түсірсек, 5 маусымда  содырлар Пантера  дүкеніндегі  екі адамды пышақтап, біреуі сол жерде  қаза тапты.  Құқық қорғаушылар оқиға орнында 3 қылмыскердің көзін жойып, біреуін жаралады. Екі қылмыскер қашып кетті. Бүгін тағзым етуге келгендердің ішінде әсіресе жастар  көп болды. Мектепті кеше бітірген түлектер, қарттар, ауған соғысының ардагерлері бәрі бірауыздан мұндай жауыздық қайталанбасын десті.

ХАНЫМАЙ ҚУАТОВА, МЕКТЕП ТҮЛЕГІ

АЙТПАЙ ДАУЫЛБАЕВ, "ТРАНСЭНЕРГО" АҚ  БАС ИНЖЕНЕРІНІҢ  ОРЫНБАСАРЫ

ЭЛЬДАР ҚЫПШАҚ,  ОҚУШЫ

Еліміздің барлық аймағында қаралы күнде Ақтөбедегі террорлық акте қаза болғандар рухына тағзым етіліп жатыр. Барлық мешіттерде олардың рухына  құран бағышталуда. Нұр ғасыр мешітінің бас имамы Толеби Оспан  қасиетті Құран аяттарын оқып, дұға жасады.

 

 

Қосылды: 
09.06.2016 - 14:55
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 16:16

Жаңалықтар таспасы