Еуропа Азия ынтымақтастық мол мүмкіндіктер бастауы


Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  "Қоныс" спорт сарайында ашылған "Еуропа-Азия":Шекарасыз ынтымақтастық" атты   өнеркәсіп көрмесіне барды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отырған көрмеге  Қазақстан, Ресей және Польшаның 180-нен астам кәсіпорны мен бизнес өкілдері өз өнімдерін ұсынды. 

Бердібек Сапарбаевқа облыста машина жасау өнеркәсібін ашу мақсатында жоспарланып отырған кейбір жобаларға қатысты ақпараттар берілді. Онда Камаз базасындағы ауыр жүк автомобильдерін және арнайы техникаларды жинау мүмкіндіктері туралы айтылды.  Сондай-ақ ақ өңір басшысына металл емес құбырларды экспортқа шығарып отырған жергілікті зауыт жұмысын таныстырды. Облыс басшысы жергілікті компания өкілдеріне экспортты көбейте отырып, Елбасы айтқан отандық өнімдердің көлемін ұлғайтуды тапсырды.

Көрме барысында Бердібек Сапарбаев шекаралас жатқан Ақтөбе және Орынбор облыстарының арасындағы қарым-қатынасты нығайту барысында  бірлескен бизнес жобаларды іске асыру, сауда -экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамытудың маңыздылығына тоқталды және  әрбір кәсіпорынның өнімдерінің сапасына, жарамдылық мерзіміне мән берді.

Сондай-ақ облыс басшысы отандық өнімдерді нарыққа ұсынып отырған өзіміздің кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Олардың ішінде Елбасының қатысуымен 2014 жылдың желтоқсан айында өткен жалпыұлттық телекөпір кезінде тұсауы кесілген Ақтөбе рельс арқалық зауыты да бар. Құрылыс материалдарын шығаратын "Ұлан" компаниясы, "Базальт-А" серіктестігі, "Мәртөксүт" шаруашылығы осы көрмеге өз өнімдерін ұсынған. Бердібек Сапарбаев Отандық өнім өндіруші компанияларға өндірістің жобалық қуатын арттыра отырып, сапалы шикізат қолдануды тапсырды. "Жаңа - Әлжан" ұн комбинаты ұсынған ұн өнімдері   Миланда өткізілетін ЭКСПО-да көрмеге ұсынылатыны - тек қана облыс үшін ғана емес, елімізді үлкен сауда форумында көрсететін елеулі орны бар екенін облыс басшысы атап өтті. 

Қосылды: 
24.09.2015 - 17:29
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 12:15