Ең үлкен гипермаркет

Тәуелсздік күні есігін ашқан тағы бір сауда орталығы қаламыздың  нокин көшесінде орналасты. Зәулім дүкенде тауардың  30 мыңнан аса  түрі бар. Гипермаркеттің ашылуына ақтөбеліктер көп жиналды. Тәуелсіздік мерекесіне орайластырылып ашылған  дүкенде тауар бағасы арзан болғандықтан көпшілік ашылған бойда лап қойды. Бұл  нысан  әзірге қаладағы ең ірі сауда кешені. Аумағы 10 мың шаршы метр, шамамен екі футбол алаңындай. 500 автокөлікке арналған тұрақ, 30  касса, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы экспресс-кассалар қарастырылыған. Өздерінің жеке наубайханасы да бар екен. Тауардың 70 пайызы отандық өндірушілерден дейді гипермаркеттің өкілі.  300 жұмыс орны ашылды. Сауда орнының ашылуына келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұл қалалықтарға тәуелсіздік мерекесіне жасалып отырған тарту деді.

 

Қосылды: 
16.12.2015 - 17:15
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 18:01