Жалпыхалықтық сенбілікке тұрғындар түгел жұмылды

You are here

Менің қалам-таза қала. Облыста жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін санитарлық тазалықтың екі айлық шарасы басталды. Студент жастар, кәсіпкерлер, еңбек ұжымдары, мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік мекемелер мамандары жаппай сенбілікке шықты. Сенбілікке  облыс әкімі де қатысты. 

Облыс басшысы Тұңғыш перзидент атындағы саябақта жүріп жатқан тазалық жұмыстарын барып көрді. Жалпы, сенбі күні түске дейін Ақтөбе қаласынан 4 жарым мың тонна күл-қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар арнайы полигонға шығарылды. Бұл Ақтөбеде жарияланған тазалыққа арналған екі айлық шеңберіндегі жұмыстың нәтижесі. Мәселен, орталық даңғылдағы дәмхана жетекшісі ғимараттың айналасын тазалауға елу адамын алып шығып, белсене еңбектенді.

МЕХМЕТ ҚАРАКҮШ, ДӘМХАНА БАСШЫСЫ

Тазалау шараларына оқу орындары, барлық мекемелер мен ұйымдар, облыс әкімі жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесінің басшылары, жеке кәсіпкерлік құрылымдары мен қатардағы қала тұрғындары түгелдай қатысты. Сенбілік ұйымдастырылған аумақтарды облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі аралап көрді. Мәселен, Әлия Молдағұлова даңғылына жауапты денсаулық сақтау ұйымдары орталық көшені айнадай етті. 

ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай басталған "Гүлдене бер туған ел" марафон эстафетасы саябақтар мен скверлер аббатнадырылып, талдар егіледі. Бұл бастама еңбек ардагерлерінің де көңілінен шығып отыр.

КЕҢЕС БІРМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Облыс әкімі сенбілікке араласа қоймаған бірқатар кәсіпкерлік нысандарына кіріп, олардың басшыларына ортақ іске жұмыла кірісу туралы ескертті. Ресми мәліметтерге қарағанда, Ақтөбедегі басты 86 көшенің өзінде 2700 кәсіпкерлік нысаны бар. Ал олардың иелері қала тазалығына, уақытында әкімдіктен алған учаскелерінің таза болуына жауапты. Облыс әкімінің де ескертуі осыған саяды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жалпыхалықтық алғашқы сенбілікке студенттер ерекше үлес қосты. Мәселен, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің үш жүздей студенті шықты. Олар Әлия Молдағұлова даңғылындағы батырлар алаңын сыпырып, ағаштарын түптеп, көгалды қоқыстан тазалады. Өз ынтасымен атқарылған жұмыстың нәтижесі де жоғары.

ӘЙГЕРІМ АЛМАТОВА, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, өздеріне бекітілген аумақты тазаламаған жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш, ал заңды тұлғаларға 40 айлық есетік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл мәселе облыс әкімінің қатысуымен өткен кеңетілген мәжілісте де ескертілген еді.

 

 

 

Қосылды: 
18.04.2016 - 16:06
Соңғы өзгерiстер: 
07.09.2016 - 17:15

Жаңалықтар таспасы