Жамбыл облысы Ақтөбе облысының мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту бойынша тәжірибесін дамытуға ниетті

Жамбыл облысының басшылығы Ақтөбе облысының мемлекеттік-жеке серіктестік саласындағы тәжірибесін қолдануда қызығушылық танытты. Бұл туралы Жамбыл облысы делегациясының Ақтөбеше келген сапары кезінде Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев айтты.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бірнеше ірі өндірісітік және әлеуметтік жобалармен таныстырды.

Атап айтқанда, қонақтар бірнеше жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Олардың қатарында президенттің бизнестің әлеуметтік міндетін дамыту туралы тапсырмасының аясында салынып жатқан облыстық шығармашылық академиясы да бар. Бұл мақсатқа «Қазхром» ТҮК АҚ 1,8 млрд. теңге бөлді. Сарайда дамыту мен шығармашылық үшін 50-ден астам үйірмелер мен секциялар жұмыс жасамақ. Мұнда балалардың заманауи жабдықтарды пайдалана отырып, расытхана мен планетарийде білім алу мүмкіндііг бар.

Меймандар 2016 жылы МЖС аясында салынған 1200 оқушылық орынға арналған «Сымбат» жекеменшігіне барды. Өткен жылы МЖС аясында 5 жоба жүзеге асырылды. Олардың ішінде психоневрологиялық аурумен ауыратын балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен аналар мен балаларға арналған орталық та бар. 2017 жылы өңірде мемлекеттік-жеке серіктестіктің 38 жобасының 27-сінің жүзеге асырылуы аяқталады. Жүзеге асырылған және 2016-2018 жылдары жүзеге асырылуы тиіс МЖС жобаларының жалпы құны - 28 млрд. теңге.

Нысандарды аралап болған соң Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Ақтөбе облысының МЖС-ті дамыту бойынша тәжірибесін қабылдау туралы ниетін білдірді.

-Мен көптеген қалаларда болып, көптеген салынып жатқан нысандарды көрдім. Сондықтан, сіздерден үйренетініміз көп деп сеніммен айта аламын,-деді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев.

Екі облыстың басшылары жылдамдатылған индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған жаңа жылыжай кешені болып табылатын «Грин Хаус Қазақстан» ЖШС де барып қайтты. Елбасының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиімді іс-шаралар қолданылуда. Жыл сайын суармалы жерлер мен заманауи жылыжайлар алаңы артып келеді. Ағымдағы жылы «Грин Хаус Қазақстан» ЖШС алғашқы өнімін шығармақ. 9,5 гектар аумаққа орналасқан кешеннің жылдық қуаты - 6 мың тонна өнім. Аталмыш көлемоблыс тұрғындарының жаңа піскен қызан, қиярға деген қажеттілігін өз өндірісі есебінен толықтай жабуға, сонымен қатар артық өнімді сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі