Жастардың діни сауаттылығын арттыру қажет

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед қаланың зиялы қауым өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары, саяси партиялардың өкілдері, мәслихат депутаттары, белсенді жастармен кездесті. Студенттер сарайында өткен басқосуда лаңкестіктің алдын-алу, бейбітшілікті сақтау туралы келелі әңгіме қозғалды.

Іштен шыққан жау жаман. Ақтөбеде орын алған қантөгіс күллі қазақ елі үшін үлкен қасірет әкелді. Жиынға қатысушылар жанқиярлықпен қаза тапқандардың ерен ерлігін бүгінгі ұрпаққа үлгі етті. Адасқандарды дұрыс жолға түсіру міндетіміз дегендер тәрбиенің отбасыдан басталатындығы айтты. Бірлігі жарасқан Қазақстан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, лаңкестіктің алдын алу қажет. Содырлардың ылаңын біз бірлескен күш арқылы жеңе аламыз деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕД, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Облыс басшысы қазір өңірде жағдайдың тұрақталғандығын айтты. Құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Барлық сауда орындары, мекемелер мен әлеуметтік нысандар жұмыс істеп жатыр. Дегенмен, облыс аумағында террорлық қауіптіліктің "қызыл деңгейі"  сақталуда.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиында жақсы ұсыныстар мен тұщымды пікірлер айтылды. Зиялы қауым өкілдері жастардың діни сауаттылығын арттыру керек дейді. Мамандардың білімін жетілдіріп, оқу орындарында дінтану, әлеуметтану, саясаттану сынды пәндердің тереңірек оқытылуы қажет. Өйткені, келешек ұрпаққа ең бірінші дұрыс ілім мен білім, тәлімі мол тәрбие керек. Осы жолда сіз бен біздің бірігіп жұмыс істеуіміз маңызды деді қоғам қайраткері Амангелді Айталы.

 

Қосылды: 
07.06.2016 - 14:33
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 16:19