Жастарды жұмыспен қамту мәселесі қаралды

You are here

Бүгін облыс әкімдігінде жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен биыл бірінші рет жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Басқосу барысында, жастар ұйымдары мен жоғарғы оқу орындарының басшылары баяндама жасап, қолға алған істерін жария етті.

Жастар мәселесі - күн тәртібіндегі өзекті проблемалардың бірі. Сондықтан, оған мейлінше көңіл бөлу. жастарды тәрбиелеу қажет. Бүгінгі жиын барысында облыс әкімі жас буынды жұмыспен қамту мәселесін көтерді. Ал, жауапты мекеме басшыларының мәлімдеуінше  соңғы жылдары жастар арасындағы жұмыссыздық проблемасын жоюға бірінші кезекте мән беріліп келеді.

АЛТЫНБЕК ӘМІРҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жиын барысында, жоғарғы оқу орындары және "Атамекен" қоғамдық бірлестігінің жетекшілері де баяндама жасап, жастарды диплом алғаннан кейін жұмысқа орналастыру жоспарларын айтты. Соның ішінде бүкіл елімізге үлгі болған "гүлдене бер, туған ел" марафыоны аясында бес мың жасты еңбекке тарту жобасы жолға қойылғаны белгілі болды. Алайда, облыс әкімі студенттер мен жұмыссыз жастардың мәселесі жыл бойы күн тәртібінен түспеу керек деп тапсырды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Келер жылы Астанада өтетін Экспо көрмесіне біздің облыстан 150-ге жуық ерікті бармақ. Жиын соңында облыс әкімі жастарды спорттық және мәдени шараларға қатыстыру, қоғамның белсенді мүшесі етіп тәрбиелеу ең маңызды іс деп атап өтті.

 

 

 

Қосылды: 
05.07.2016 - 11:30
Соңғы өзгерiстер: 
20.09.2016 - 12:08

Жаңалықтар таспасы