Жаңа жастар сарайы 2017 жылы пайдалануға беріледі

Ақтөбе облысы әкімдігі мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» 2016 жылға өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Құжатты өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының Бас директоры Ван Цзюньжэнь бекітті. Меморандум аясында Ақтөбеде құны 1,3 млрд теңге болатын Жастар сарайын компания қаржыландыратын болды.  

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» Жастар сарайын салып береді. Жалпы ауданы тоғыз жарым мың шаршы метр болатын 3 қабатты Жастар сарайы ғимаратының құрылысы Әбілқайыр хан даңғылының бойында, Тұңғыш Президент атындағы Орталық саябаққа қарсы бетте басталды. Көпсалалы кешен жастардың шығармашылық бастамалары мен мәдени шараларды дамытуға арналған. Мұнда семинарлар, конференциялар, кездесулер, бұқаралық интерактивті шаралар өткізіледі, ал 1,5 мың орынға есептелген көрермен залы концерттер, кинокөрсетілімдер мен көркем қойылымдарға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 1 млрд. теңгеден асады. Ғимарат 2017 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының бас директоры облыс әкіміне жергілікті билік тарапынан жасалып отырған қолдауларға қатысты алғысын білдірді. Бірігіп жұмыс жасауға әрқашан әзір екенін айтты.

ВАН ЦЗЮНЬЖЭНЬ, "СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ" АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ

Қытай мен қазақстан арасындағы ынтымақтастық байланыстар артып келеді. Нақты біздің компанияның осында жұмыс жасай бастағынана биыл 19 жыл толды. Осы 19 жылдың ішінде Үкіметтен, облыс әкімдігінен қолдау көріп отырмыз. Әлемде мұнай бағасының айтарлықтай төменджегеніне қарамастан өнімділік қарқынын төмендетпейтінімізді айтқым келеді.

Бердібек Сапарбаев ірі инвестордың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді түрде үлес қосып отырғанын растады. Нақты осы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жыл сайын Ақтөбе облысының әлеуметтік саласын дамытуға белсенді түрде үлес қосып келеді. Мәселен, компания өндірістік, инженерлік-коммуникациялық, әлеуметтік құрылымдар, білім, мәдениет, денсаулық, спорт салалары мен өзге де әлеуметтік маңызы бар шараларға қомақты қаражат бөлген.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Кездесу соңында өзара ынтымақтастық туралы келісім бекітілді. Мазмұны салмақты меморандумға сәйкес, алпауыт компания бұдан ары қарай да ақтөбенің әлеуетін қолдауға ықпал ететін болды.

Қосылды: 
19.07.2016 - 17:07
Соңғы өзгерiстер: 
21.09.2016 - 17:59