Жаңа жыл қарсаңындағы жылы жүздесу

You are here

Өткен аптада облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары және өкілдерімен кездесті. Жаңа жыл қарсаңындағы жылы жүздесу емен-жарқын әңгімеге ұласты. Облыс басшысы журналистермен аймақтың әлеуметтік-экономикалық өркендеуі, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын дамыту  және басқа да бірқатар өзекті мәселелер төңірегінде әңгімелесті.

Журналистер қауымы билік пен халықтың арасына берік көпір орнатуы керек. Сондықтан, облыс әкімімен болған ашық әңгіме барысы алдымен өңірдің өсіп-өркендеуіне қатысты мәселелерді шолды. Бердібек Сапарбаев: "Елдің ертеңі, ұрпақтың болашағы үшін бірігіп жұмыс жасауымыз керек. Ауызбіршілігіміз мол болған жағдайда ғана қандай қиындықты болмасын еңсереміз", - деді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де көкейдегі ойларын жеткізді. Ұсыныс-тілектерін айтты. "Сауатты қоғамдық пікір қалыптастыру, ел-жұрттың тыныштығын сақтау ортақ мақсат болуы керек", - десті.

МЕЙІРХАН АҚДӘУЛЕТҰЛЫ, "ШАМШЫРАҚ-АҚТӨБЕ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ

Жұма күнгі жылы жүздесу соңында жаңажылдық тілектерге кезек берілді. Облыс әкімі барлық жоспарланған жұмыстарды алдағы жылы бірігіп жүзеге асыруға шақырды. Кездесуге қатысушылар да жаңа жыл жемісті, табысты болғай деп тілектестік білдірді.

 

Жаңалықтар таспасы