Жаңа жыл қарсаңында Б.Сапарбаев мүдегектер мен қарттар үйінде барды

Жаңа жыл қарсаңында облыс əкімі Бердібек Сапарбаев мүдегектер мен қарттардың интернат үйіне барды. Қазіргі таңда мұнда 232 адам тұрып жатыр. Өңір басшысы оларды Жаңа жылдарымен құттықтап, жай-күйімен танысты.

Құттықтау сөзін сөйлеген өңір басшысы əлеуметтік қолдау көрсетуді дамыту - мемлекеттің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. 

- Президенттің Қазақстан халқына жолдауында мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтары - зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі жандар мен науқас балаларға атаулы көмек көрсетуге толық жауапты екені айтылған. Мемлекетіміздің барлық күш-жігері, ең алдымен, біздің қоғамымның қажеттіліктеріне және заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес келетін халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталған. Облыста қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуде. Бұл біздің қасиетті парызымыз,- деді облыс əкімі.

Өңір басшысы Қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындарына денсаулық пен рухани жағынан ширақты болуларын тіледі. Сондай-ақ, облыс əкімінің атынан мүгедек жəне қарт азаматтарды тасымалдау үшін көтергіштермен жабдықталған автокөлік - инватакси сыйланатынын мәлімдеді. Мамандандырылған көлік құралы мекемеге келесі жылы берілмек.

Бүгінде облыста 25 мыңдай мүмкіндігі шектеулі жандар тұрып жатыр, оларға уақытылы түрде əлеуметтік көмек көрсетілуде. 9 мыңнан аса мүгедек жан 2017 жылы 1 млрд-тан астам теңгеге техникалық, гигиеналық құралдармен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен жəне   шипажайда ем алумен қамтамасыз етілген. 2017 жылы сондай-ақ, психикалық жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын балаларға арналған жүз орындық əлеуметтік қызмет көрсететін орталық ашылған болатын. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың əлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін 354 ғимарат лайықталған.

Бұдан өзге, Б.Сапарбаев "Үміт" балалар үйінде болды. Бұл мекемеде үш жасқа дейінгі 55 бала бар. Мұнда олардың өмір сүруге, пайдалы əрі құнарлы тағамдармен тамақтануларына, кешенді медициналық-психологиялық-педогогикалық жəне оңалту көмектерін алуларына барлық жағдай жасалған.

Облыс басшысы ересек топтағы бүлдіршіндердің ертеңгілігіне қатысып, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

 

Ақтөбе облысы əкімінің баспасөз қызметі