Жаңа қойылымының тұсаукесері

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрда "Командос" мега сатиралық қойылымы сахналанды. Жаңа спектакль танымал театр актрисасы, "Құрмет" орденінің иегері Бақыт Айтованың 60 жылдығына арналды. Қойылымның тұсаукесеріне облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі қатысып, өнер майталманын мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ, Тахауи театры, оның көрермені үшін ортақ тойға Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов та келді.

Бақыт Айтова Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында дүниеге келген. Мұхтар Әуезов театрында 10 жыл еңбек еткен актриса қалың көрерменге  "Тамаша" ойын-сауық театры арқылы да танымал болды. Онда Құдайберген Сұлтанбаев пен Тұңғышбай Жаманқұлов сынды театр саңлақтарымен бірге бір сахнада өнер көрсеткен. 35 жыл өмірін өнерге арнаған актриса Қуандық Шаңғытбаевтың “Беу, қыздар-ай” пьесасындағы Айсұлудың, классикалық шығармаларда “Еңлік-Кебектегі“ Еңліктің рөлін сахналап, “Ромео-Джульеттадағы” Джульеттаның рөлін сомдапты. Бақытты Алматыдан Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов арнайы құттықтап келді. 

ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ

"Командос" деп аталатын жаңа қойылым облыстық драма театр директоры Нұрлыбек Жұбатқанның туындысы. Бұл комедияда қария мен оның ерке баласының арасындағы қарым-қатынас арқылы өмір өткелдері суреттеледі. Жетпістегі ана кенже ұлының мәселесін телефонмен шешіп береді. Туынды қазіргі заманға лайықталып жазылған.

НҰРЛЫБЕК ЖҰБАТҚАН, Т.АХТАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДРАМА ТЕАТР ДИРЕКТОРЫ

Театрсүйер қауым  сатиралық туындыға оң бағасын берді. Өйткені, басты рөлді сахна саңлағы Бақыт Айтованың өзі шебер сомдады. Жалпы жаңа қойылымның тұсаукесеріне қала тұрғындары көп жиналды. Қалың көрерменмен бірге спектакльді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев та бастан аяқ тамашалап, өнерге деген жоғары құрметін жеткізді. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Шығармашылық кешке қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев актрисаны мерейтойымен құттықтап, биыл қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне арналған медальді, алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыстады.

 

 

 

 

Қосылды: 
18.11.2015 - 11:44
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 16:57