Жаңа үлгідегі дәмхана ашылды

You are here

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Бекбол Сағын "Бургер Кинг" дәмханасы мен "Компас" жанар-жағар май бекетінің ашылу салтанатына қатысты. Дәмхана жаңа форматта қызмет көрсетеді. Яғни, қала тұрғындары,  қонақтары  көліктен түспей-ақ дәмхананың қызметін пайдалана алады.  Компания өкілдерінің айтуынша, "Бургер Кинг" Ақтөбе қаласында ашылып отырған халықаралық стандартқа сай екінші дәмхана. Бұл бір жағынан облыстың инвестициялық тартымдылығының көрсеткіші. Екі жобаға тартылған қаражаттың жалпы көлемі 1 миллиард 200 миллион теңгені құрады. 50 адам жұмыспен қамтылды. Серіктестік алдағы уақытта Ақтөбеде тағы бір осындай дәмхана ашуды жоспарлап отыр. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі әрбір қала заман талабына сай дамуы қажет деді.

Жаңалықтар таспасы