Жергілікті атқарушы органдарда норма шығармашылық қызмет сапасын көтеру мәселелері талқыланды

You are here

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бастамасымен ағымдағы жылдың 17 сәуірінде облыс әкімдігінің ғимаратында «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарында норма шығармашылық қызметтің жай-күйі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге мемлекеттік органда норма шығармашылық қызметке жауапты облыстың аудан және қала әкімдіктерінің, облыстық басқармалардың қызметкерлері, сондай-ақ Ақтөбе облысы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің өкілдері қатысты.

Жиналыста Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік- құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ғ.Сейлов жергілікті атқарушы органдардың норма шығармашылық қызметіне үлкен мән беріліп отырғандығын атап өтті, оған дәлел жылдан жылға норма шығармашылық көлемінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен қабылданатын актілердің өсуі болып табылады.

Сонымен қатар, күн тәртібі бойынша Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы Б.Аймбетов баяндама жасады, ол өз кезегінде жергілікті атқарушы органдардың норма шығармашылық қызметіндегі негізгі көрсеткіштерге тоқталды.

Өз кезегінде дөңгелек үстелге қатысушылар проблемалық сұрақтарды Әділет департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп талқылауға мүмкіндік алды, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Талқылау қорытындысы бойынша, жергілікті мемлекеттік органдарға өңірлік норма шығармашылық қызметінің сапасын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар берілді. 

Жаңалықтар таспасы