Жергілікті полиция қызметі құрылады

You are here

Елбасы елге үндеген 100 нақты қадамының 30-шы қадамында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейту үшін жергілікті полиция қызметін құруды тапсырды. Мәжіліс пен сенат мақұлдаған заң жобасына Президент желтоқсанның үші күні қол қойған болатын. Бүгін осы құжаттың негізгі тұстарын Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов айтып берді. Бұл кеңеске облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және мәслихат хатсышы, облыстық басқармалардың, күштік құрылымдардың басшылары, аудан әкімдері қатысты.

Жергілікті полиция қызметі деп аталатын құрылымға қатысты халықаралық стандартар мен экономикалық ынтымақтастық ұйымының ұсыныстарын ескере отырып дайындалған үлгіні бүгін ішкі істер вице-министрі Берік Бисенқұлов түсіндіріп берді. Жаңа құрылымның міндеттері мен құзыреті, лауазымға тағайындау мен одан босату тәртібі, қаржыландыру мәселесі толық айтылды.

БЕРІК БИСЕНҚҰЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

жаңа заңнамаға сай, жергілікті полиция басшысы жылына кем дегенде екі рет облыс әкімі  мен маслихаты алдында,  1 рет тұрғындар алдында есеп береді. жергілікті полиция басшысының жұмысы қанағаттандырылмаған жағдайда оны  жұмысынан босату  облыс әкімінің құзырына берелді. Аймақтық әкімдер жергілікті полицияның тергеу-тексеру  жұмыстарына араласпайды.

Жергілікті полиция қызметінің жұмысы 20 күннен соң басталады.  Сондықтан, кеңеске қатысушылар жаңа заң талабын егжей-тегжейлі түсіндірген вице-министрдің әр сөзіне құлақ түрді. Көтерілген тақырыптың салмағын ескерген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің орынбасарларына, қала және аудан әкімдеріне, жалпы осы салаға жауапты тұлғаларға  жергілікті полиция қызметін енгізу бойынша дайындық жұмыстарын шұғыл бастау туралы тапсырма берді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жергілікті полиция қызметінің басшылық лауазымдарына үміткерлер ұсыну, құрылымның  материалдық-техникалық базасын жабдықтау сияқты мәселелер тез арада шешімін табуы тиіс. Бұл жұмыстарға облыстық әшкі істер департаментінің басшылығы ұйытқы болуы тиіс. Олар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жаңа құрылымның жұмысын, талаптарының негізгі бағыттарын тұрғындарға жеткізуі тиіс. 

 

Жаңалықтар таспасы