Жер мәселелері бойынша үшжақты комиссияның отырысы

21 мамырда қала бойынша төрт, аудан орталықтарында бір жерде  жер мәселесіне қатысты комиссия  xалықтың  талап-тілектерін тыңдап, жауап береді.  Жауап бере алмайтын мәселе-сұрақтарды республикалық комиссияға жолдайды. Бүгін Жер мәселесіне қатысты өткен үшжақты комиссияның отырысына қоғамдық кеңес, мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Еске сала кетейік, сәуірдің 25-күні облыстық әкімдікте жұмыс тобы, ал үшінші мамырда жер реформасына қатысты үш жақты облыстық комиссия құрылды. Үшжақты комиссия әр сенбі сайын кездесулер өткізеді. Жерге қатысты әрбір тұрғын толғандырған сауалын осы комиссияға жолдап,  жауап ала алады. Бұған дейін де облыс әкімі Мемлекет басшысы мараторий жариялаған жер кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру мақсатында  бірнеше мәрте кездесу өткізген болатын. Осындай жұмыстардың нәтижесінде   диалог арқылы ғана шешімдер қабылданады деді облыс басшысы.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жер мәселесіне  қатысты сұрақтар тек халықпен бірлесе талқылануы керек деп облыс әкімі бірнеше рет қадап айтты. "Билік өкілдері тұрғындармен етене жұмыс жасауы тиіс" деген қоғам белсенділері де өз ұсыныстарын ортаға салды.

 

Қосылды: 
23.05.2016 - 09:44
Соңғы өзгерiстер: 
16.09.2016 - 14:42