Жер учаскесінің нысаналы мақсатын қалай өзгертуге болады?

Облыс әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі №136 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес, қызмет алушының өтінішіне мемлекеттік қызмет көрсету үшін келесідей құжаттардың тізімін тапсырулары қажет (не уәкілетті өкілдің: заңды өкілеттіктерін дәлелдейтін тұлғаның құжаты бойынша;  жеке тұлғаның нотариалдық куәландырылған сенімхаты) қызмет көрсетуші Ы.Алтынсарин,2 көшесінде орналасқан «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ, тел: 21-25-56, ХҚКО (Тургенева, 109, тел:55-13-55) немесе веб-портал арқылы «Е-лицензирование» www.elicense.kz., «электрондық үкімет» www.egov.kz(портал): 1. Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес өтініш формасы; 2. Жеке куәлік (жеке басын сәйкестендіру үшін); 3. Порталға жер учаскесін сатып алу жағдайында кадастрлық (бағалау) құны актісі: 1. Мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес электронды өтініш формасы; 2. Жер учаскесін сатып алу жағдайында кадастрлық (бағалау) құны актісінің электронды көшірмесі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: кызмет көрсетушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап, ХҚКО немесе порталға – 30 (отыз) күнтізбелік күн. Қызмет көрсетуші тапсырылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауаптықызмет алушыға береді.

Қосылды: 
10.08.2016 - 11:42
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 11:42