Жеңімпаздар форумы

You are here

Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауы еіліміздің бас партиясы - «Нұр Отанның» жеңіске жетуімен аяқталды. Сайлау туралы заңнамаға сәйкес экзитпол қорытындысында көрсетілгендей "Нұр Отан" партиясына электораттың 82 пайызы дауыс берген. Саяси маңызды шарада айқын басымдықпен жеңген партияны құттықтап, Ақтөбедегі Тұңғыш Президент атындағы саябақта аймақтық жеңімпаздар форумы өтті. Форумда сөз алған облыс әкімі, "Нұр Отан" партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Бердібек Сапарбаев жиналғандарды ортақ жеңіспен құттықтады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жеңімпаздар форумы - жалпыхалықтық мерекеге айналды. Сахнада әсем ән шырқалып, би биленді. Орталық саябаққа жиналған көпшілік сайлауда жеңіске жеткен "Нұр Отан" партиясының мүшелеріне қошемет көрсетті. Сайлауда барша қазақстандықтардың жеңіске жетуіне байланысты бүгінгі шара "Жеңімпаздар форумы" деп аталды -дейді ұйымдастырушылар. Сайлау арқылы Қазақстан өзінің шынайы демократиялы ел екенін көрсетті.

КЕЛДІБАЙ ЕСПАҒАМБЕТОВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ

НҰРТАЗА АБДУЛЛАЕВ, Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ ӨҢІРЛІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ

Нұр Отан» партиясының жеңісі - Қазақ  елін дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының саясатын халықтың қолдауының нәтижесі. Осылай деген форум қатысушылары даму бағытымыздың айқындығын тілге тиек етіп, ізгі тілектерін білдірді.

БЕКЗАТ ҚАУМЕШОВ, АҚТӨБЕ КӨЛІК КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

ӘСЕЛ ҚҰРМАНАЛИНА, ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ

АНДРЕЙ ДРОНОВ, АҚТӨБЕ ФЕРРОҚОРЫТПА ЗАУЫТЫНЫҢ ЖҰМЫСШЫСЫ

Форумға қатысушылардың "Нұрсұлтан", "Нұр Отан", "Қазақстан" деп жаңғырған дауыстары үндесті. Өз таңдауларын жасап, дауыс беріп, сенімдері ақталған көптің қатарында, ардагерлер, студенттер, алуан саланың қызметкерлері қысқасы барлық қоғам өкілі бар. Көпшіліктің басын қосқан Жеңімпаздар форумының барынша әсерлі өтуіне облыс өнерпаздары да айтарлықтай үлес қосты.

 

Жаңалықтар таспасы