Жол бойындағы сервистік қызмет орталықтарына қолдау көрсетіледі

Ақтөбе облысының әкімдігі, Қаз автожол ұлттық компаниясы, ұлттық кәсіпкерлер палатасы және облыстың екі ірі кәсіпкері арасында төрт жақты меморандумға қол қойылды. Бұл маңызды құжаттың негізінде өңірде жол бойы қызмет көрсету саласы жанданатын болады. Нақты айтқанда, Батыс еуропа, батыс қытай халықаралық дәлізінде және республикалық маңызға ие самара-шымкент тас жолының бойында сервистік қызмет дамиды. Келісімге қол қою жиынына облыс әкімі Бердібек сапарбаев, Қаз автожол ұлттық компаниясының басқарма басшысы Ермек Қизатов қатысты.

Ақтөбе тоғыз жолдың торабындағы өңір. Облыстың аумағы арқылы "Батыс Европа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізі мен "Самара - Шымкент"  республикалық маңызы бар жолдар өтіп жатыр. Енді осы күре жолдардың бойындағы елді мекендердің тамырына қан жүгіреді. Яғни, сервистік қызмет көрсетіп отырған орталықтарды дамытуға көңіл бөлінеді. Ең негізгісі - ғимараттарды халықаралық стандартқа сай етіп салуға және жарақтауға баса мән берілмек. Себебі, жыл өткен сайын біздің аймақ арқылы да жүк тасымалы артып келеді. Сондықтан да, қызмет көрсету орындарының да тиісті талапқа сай болғаны дұрыс.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қазіргі күні облыс аумағы арқылы 1800 шақырымнан асатын халықаралық жол өтіп жатыр. Бұдан бөлек, республикалық маңызды тас жолдың ұзындығы да мың шақырымға жуықтайды. Ал, жол бойындағы сервистік орталықтардың саны - 100. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша бұл аздық етеді. Сондықтан да оның қатарын көбейту және барлық тиісті талапқа сай болу керек. Себебі, бұл бір жағынан қызмет көрсету арқылы табыс көзін молайту болса, екіншіден салық түсімін көбейтуге де септігін тигізеді. Бұл ретте, облыс басшысы, ақтөбелік мамандар мен Қазавтожол ұлттық компаниясының өкілдері қызмет көрсету орындары салынатын жерлерді анықтау үшін арнайы карта жасақтау керек деді. Содан кейін ғана кәсіпкерлерге ұсыну қажеттігін айтты. Ал, қазірдің өзінде жол бойында кәсіп ашқысы келетін іскер азаматтар да баршылық. 

НҰРЛЫБЕК МҰҚАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Жан-жақты шараға қатысқан еліміздегі ұлттық компаниялардың бірі - "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның басқарма төрағасы Ермек Қизатов, қазір жұмыс істеп тұрған жол бойындағы орталықтардың 70 пайыздан астамы халықаралық стандартқа сәйкес келмейтінін айтты. Стандарт биыл сәуір айында  енгізілген заңда белгіленген. Бірақ басқарма төрағасының айтуынша, ұлттық компания талапқа сай келмегендерінің жұмысын тоқтатуды көздемейді. керісінше, оларға инфрақұрылым соның ішінде электр энергиясы, ауыз су, жол тарту жұмыстарын жүргізу арқылы қолдау көрсетеді.  

ЕРМЕК ҚИЗАТОВ, "ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиын барысында, Ақтөбе облысының әкімдігі мен "Қазавтожол" ұлттық компаниясы және ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен екі бірдей кәсіпкер арасында төрт жақты келісімге қол қойылды. Ол бойынша, облыс әкімдігі мен ұлттық компания, сервистік орталық ашатын кәсіпкерлерге жер бөлуді, қажетті құжаттарды рәсімдеу және инженерлік желілерді жүргізуді жауапкершілігіне алады. Ал, кәсіпкерлер палатасына экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдай туғзызу міндеттелді.

 

 

 

Қосылды: 
22.12.2015 - 11:00
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 12:20