Жол жағдайы жіті назарда

You are here

Еріген қар суы мен көктемгі жауын-шашын шайып кеткен қала жолдарының жағдайы бүгін облыс әкімдігінде өткен жиынның басты тақырыбына айналды. "Шұрық-тесік болған жолдарды көріп халықтан ұяламын. Көліктің жүріп өтуі қиын", - деген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  жауапты тұлғаларға берген тапсырмаларын тағы бір пысықтады. Басқарма басшылары және бұған дейін жолдарды жөндеп келген мердігерлер қатысқан басқосуда өзекті мәселелер қаралды.

Жол жағдайына қатысты мәселелер әлі де күн тәртібінде тұр. Өйткені, қазір көшелердің ойылған жолдары көлік жүруге мүмкін емес жағдайға жетті. Ал бұл жол құрылысы мен оны жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер компаниялар келісілген шартқа сәйкес, жолдарды қайта ретке келтірмесе, мемлекеттік тендерге қатыспайды. Осылай деп жиын барысында ескерту жасаған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қала әкімдігіне бірқатар тапсырмалар берді

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Қала әкімдігі ертеңнен бастап тағы да қала көшелеріндегі жолдардың жағдайын бақылап, әр көшені қадағалайтын жауапты азаматтарды тағайындаулары керек. Егер адам жетпей жатса, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы, төтенше жағдайлар департаментінен көмек алуы керек. Қазір қалада 600-ден аса көше болатын болса, соның шамалысы ғана жүруге жарамды. Бұл дұрыс емес.

¤Жиын барысында сонымен қатар, Ақтөбе-Атырау-Астрахань бағытындағы республикалылық маңызы бар жолдың құрылысы басталғаны белгілі болды. Қазір 319 шақырымды құрайтын жолдың 17 шақырымының құрылысы, яғни Қарауылкелді-Шұбар бағытында жұмыстар жүргізілуде. Одан соң, Қандыағаштан Атырауға дейінгі жол бөлігінің құрылысы басталмақ. Бұған қызығушылық танытқан компаниялар жетерлік.

БАҒЛАН БАЙМАҒАМБЕТОВ, "ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК" АҚ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Осы жылы облыс аумағындағы жолдарды қайта жөндеп, кейбірін салуға 5 млрд 8 млн теңге бөлінген. Қаржы Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық, Хромтау-Бадамша жолдарына, Ырғыз және шалқар аудандарындағы көпірге, сонымен қоса, Ырғыз, қарғалы аудандарындағы көшелерді жөндеуге жұмсалмақ.

 

 

 

Қосылды: 
04.04.2016 - 10:06
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 16:08

Жаңалықтар таспасы