Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейту тапсырылды

You are here

Жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын күшейту керек. Бүгін облыс әкімі Бердібек сапарбаев  осындай тапсырма берді. Энергетика және  тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Амантай Бекниязовтың айтуынша, коммуналдық инфрақұрылым нысандарына биыл 9 млрд. теңгеден астам қаражат қаралған. Бұл бағытта жоспарланған жұмыстар жасалып жатыр. 290 жылыту қазандығы жөнделіпті. Ал "Нұрлы жол"  мемлекеттік бағдарламасы аясында су және жылу құбырларын жаңғыртуға арналған 13 жобаға Ұлттық қордан 4 миллиард теңге бөлініп отыр. Оның ішінде 41-ші разъездегі сумен қамту желісінің құрылысы, Алғадағы биотазалық насаны және Ембі қаласындағы су құбыры кешенінің құрылысы бар. Амантай Бекниязов облыс басшысына барлық жоспарланған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп уәде берді. Сондай-ақ жыл соңына дейін газбен қамтуға қатысты 12 жобаны да аяқтап тапсыру міндеті де тұр. Жылу маусымының басталуына санаулы уақыт қалғанын айтқан Бердібек Сапарбаев жұмыстардың барлығы баяу жүріп жатыр деп жауапты тұлғаларды сынады. Бұдан өзге осы басқосуда еңбек шартының сақталуы, кәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы да талқыланды.

Жаңалықтар таспасы