Жыл соңына дейін Ақтөбе облысының мектептері мен ауруханалары жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтылатын болады

"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясындаАқтөбе облысының мектептері мен медицина мекемелерінің 100%-ы осы жылдың соңына дейін секундына 4 мегабит жəне одан да жоғары жылдамдықтағы кең жолақты интернетке қосылады. Осы мақсатта "Қазақтелеком" АҚ-мен бірге кабельді қымбат əрі қиын жолмен тартпай-ақ, ақпаратты тез жеткізуді қамтамасыз ететін байланыстың талшықты-оптикалық желілерін салу мен "радиокөпір" технологиясын енгізудің ауқымды жұмыстары басталды.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Елбасының білім беру, денсаулық сақтау жəне экономиканың т.б. салаларын цифрландыру бойынша тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

- Жалпы, өткен бес айдың ішінде үлкен жұмыс атқарылды. Белгілі бір нəтиже бар. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасын орындау керек жəне əрі қарай да үнемі ерекше бақылауда ұстау қажет,- деп атап өтті облыс əкімі.

Кең жолақты интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етумен қатар, ақпараттық жүйелерді енгізу жұмысы да жалғасуда. Оның артықшылығына ақтөбеліктер тиісті бағаларын беріп те қойған. Мəселен, білім беру басқармасының мəліметінше "Күнделік" ақпараттық жүйесі енгізілісімен мектерде сабақтан қалу жағдайы екі есеге азайды. Оқушының сабаққа келуі мен үлгерімі жайында ақпарат оның ата-анасына сол бойда қол жетімді болады. Облыс тұрғындары медицина жүйелерін де белсенді түрде қолданады. Сол арқылы жыл басынан бері дəрігерге 209 мыңнан астам адам жазылған. Медициналық ақпараттық жүйе арқылы барлығы 371 мыңнан аса адамға немесе облыс тұрғындарының 43%-на қызмет көрсетілген.

Жиын кезінде сондай-ақ, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы мен көлік жүйесіндегі цифрлық жаңашылдықтар да қаралды. Айта кетейік, өңір дамып келе жатқан цифрландырудың аясында халқының цифрлық сауаттылығының деңгейіне баса назар аударады. Бұл үшін 220-дан аса жаттықтырушы дайындалды. Олар ендігі облыс тұрғындарын, əсіресе шалғайдағы елді мекендерде тұратын халықты оқытуға кірісіп те кеткен. Бүгінде олардың ыждағаттылықтарының арқасында 14,4 мың адам заманауи ақпараттық жүйелермен жəне технологиялармен жұмыс істеудің жалпы базалық білімдерін алды. Ересек адамдарды оқыту жағына басымдық беріліп отыр.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі