Жұбанов Көктемі-2016:өнерде шекара жоқ

You are here

«Жұбанов көктемі-2016» халық аспаптары оркестрлері және ансамбльдерінің халықаралық фестивалі мәресіне жетті. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда фестивальдің салтанатты жабылуы болды. Қырғызстан, Түркия, Татарстан, Башқұртстан, Ресей мен Беларусь елдерінен келген өнер ұжымдарының гала-концертіне облыс әкімі Б.Сапарбаев қатысты.

Филармония залындағы гала-концертке өнерсүйер қауым көп жиналды. Құлақтан кіріп, бойыда алатын әуен көрерменді баруап алды. "Жұбанов көктемі" халықаралық фестиваліне Қазақстанның және ТМД елдерінің түкпір-түкпірінен ең үздік мәдениет қайраткерлері мен өнер ұжымдары қатысқан болатын. Фестиваль ұлы композитор, қазақ кәсіби музыкасының атасы Ахмет Жұбановтың туғанына 110 жыл толуына арналды.

Ұйымдастырушылар жыл сайын байқау бағдарламасына жаңалық енгізуге тырысады. Егер өткен жылы байқауға академиялық орындау аталымы бойынша әншілер қатысса, биыл ұлт аспаптар оркестрлері өнер көрсетті. Ахмет Жұбанов та кезінде өз шығармашылығы мен қызметін халық орындаушыларының өнерін кәсіби деңгейге көтеруге арнаған болатын. 

ҚАНАТ АЙТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, МҰРАҒАТ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қырғыз күйшісі мен жерлесіміз - халықаралық байқаулардың жеңімпазы Руслан Жұмабаевтың күй-тартысы көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.   Гала-концертте елімізге белгілі дирижерлер мен қазылар алқасының мүшелері де көрерменге өз тартуын арнады.

Фестивальдің мақсаты - Қазақстан мен алыс-жақын шетелдердің халық аспаптары ұжымдарының тәжірибе алмасуына жол ашу. Сонымен қатар, Ахмет және Ғазиза Жұбановтардың музыкалық шығармаларын насихаттау, жас орындаушыларды демеу. Фестивальдің жабылуында сөз сөйлеген облыс әкімі алыстан келген өнерпаздарға алғысын білдірді. .

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ,  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мерейтойға арналған гала-концерт соңында фестивальге қатысушылар марапатталды. Өнер байқауының гран-приін  Бішкек қалалық ұлт аспаптар оркестрі иеленді. 

Венера Серғазина, Арман Досмағанбетов

Қосылды: 
25.04.2016 - 10:53
Соңғы өзгерiстер: 
13.09.2016 - 09:49

Жаңалықтар таспасы