Зәулім бизнес орталығы ашылды

Облыс орталығында тағы бір жаңа бизнес орталығы ашылды. Құны 850 миллион теңге болатын "Прогресс" бизнес орталығының құрылысы 1 жылда аяқталып, бүгін есігін ашты. Жалпы аумағы 8 мың шаршы метрден асатын ғимарат 8 қабаттан тұрады. Ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Орталықтың тұсаукесеріне қатысқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде кәсіп ашып, іспен айналысам деушілерге  айрықша көңіл бөлінетінін жеткізді. Жергілікті атқарушы билік тарапынан барлық мүкіндіктер қарастырылады,  шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуі ел дамуының негізі деді облыс басшысы. Зәулім ғимараттың құрылысымен айналысқандарға аймақ басшысы алғыс білдірді.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бизнес орталығының ішін аралап көрген облыс әкімі жақында құрылған балалар шығармашылық орталығында болып, естелік қолтаңба қалдырды. 

Бизнес орталығының құрылысы 2014  жылы басталған болатын.  Ғимарат  жаңа технологиялармен жабдықталған.  мәжіліс залы, 2  дыбыссыз лифт ,  60 көлікке арналған жерасты автотұрағы бар. Басқа орталықтардан айырмашлығы да осы. Жобаның құны 850 миллион теңге. 30 дан астам жұмыс орны  құрылды.   Кеңселік бөлмелер еуропалық талаптарға сай, заманауи үлгідегі телекоммуникация желісі тартылды дейді, мердігер компания өкілі.

ӘБИБОЛЛА ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚҰРЫЛЫС ЖӨНІНДЕГІ УЧАСКЕ БАСШЫСЫ

Бизнес орталығындағы кеңселерді жалға алу 1 шаршы метрі  2 мың 500 теңгені құрайды. Мердігерлер айтып өткендей, бизнес орталығының құрылысына пайдаланылған материалдардың 80 пайызы қазақстанда шығарылған.  Мысалы, экотон батыстың газды блогы, "силикат-А" серіктестігі мен  Хромтау зауытының кірпіштері, тағы басқалары бар. 

Қосылды: 
29.12.2015 - 14:56
Соңғы өзгерiстер: 
01.09.2016 - 11:11