Инновация жобалар форумы Ғылым Білім Өндіріс

You are here

"Ғылым-білім-өндіріс - 2016". Бүгін Ақтөбеде ұйымдастырылған инновациялық жобалар форумы осылай аталды. Білім мен өндіріс аясындағы форумға Әл фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің басшылығы мен оқытушы-ғалымдары шақырылған. Ынымақтастықты нығайтуға бағытталған шараға байланысты ұйымдастырылған ғылыми жаңалықтар көрмесін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аралап көрді.

Облыс әкімінің арнайы ұсынысының негізінде Ақтөбеге келген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінінің ғалымдары инновациялық көрмеге ұзақ жылғы тәжірибелері мен ізденістерінің жемісін әкелген. Мұнайгаз өндірісінің қалдығанан жер қатпарларын тазалау, қоршаған ортаны қорғау, жүйелерді автоматтандыру және басқа салаларыдағы жаңалықтармен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жете танысты. Облыс басшысы өндіріске енгізілетін жобаларды мемлекет қолдайтындығын атап өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Атақты Жұбановтар әулетінің өкілі Ажар Ахметқызы Жұбанова да алматылық делегацияның қатарында келген. Қазақ жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, биология ғылымдарының докторы, профессор жерлесіміз - ғылым саласында өзіндік орны бар ғалым. Ондаған ғылыми маман даярлап, қазір туған өлкесінің экологиялық қиындықтарына қолұшын созуға даяр. 

АЖАР ЖҰБАНОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, АКАДЕМИК

Ғылым саласына Ақтөбе өңірінде дендеп енген тағы бір биолог ғалым Айтқожа Биғалиев пайдалы қазбаларды өндіруден, жосықсыз тасымалдан келетін залалдың адам ағзасына әсерін зерттеп жүрген ғалым. Тіпті, өзі басшылық ететін әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің ғылыми орталығы мұнай кеніштерінің қоршаған ортаға залалын терең зерттеуге кіріскен. Бұл еліміздің батысына тән өзекті мәселе.

АЙТҚОЖА БИҒАЛИЕВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ, БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

Форумның мақсаты кәсіпорындардың қызметіне инновация мен ғылымды енгізу болғандықтан, жергілікті оқу орындарының оқытушылары да көрмеге бүгінгі заманауи жаңалықтарды әкелген. Мәселен, қазір үш күнде тұтас үй салып жатқан қытайлықтардың қолындағы 3Д принтердің шағын нұсқалары Ақтөбеге де жеткен.

ТАЛҒАТ ТӘУІРБАЕВ, ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

Форум аясында облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың басшылығымен өткен жиын барысында билік пен ғылым және өндіріс саласының мамандары ойларын ортаға салды. Әсіресе, алматылық ғалымдар тобы металлургия, мұнай мен мұнайхимия, құрылыс материалдарын өндіру, қоршаған ортаны қорғау бойынша ұсыныстарын ашық айтты. Дөңгелек үстел барысында әделет департаментінің өнертапқыштарды, инновация жасаушыларды қолдау бағытындағы ұсынысы да тыңдалды.

ТИМУР УБИШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Ақтөбеге сапарлары аясында жергілікті оқу орындарын, индустриалдық аймақты аралап, бірқатар келісімге қол жеткізген ғалымдардың жұмысы ертең облыс әкімі Бердібек сапарбаев пен  әл фараби атындақы қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың ынтымақтастық меморандумына қол қоюымен түйінделеді.

 

 

Қосылды: 
16.03.2016 - 11:59
Соңғы өзгерiстер: 
06.09.2016 - 14:42

Жаңалықтар таспасы