Кобдалық шаруашылықтар бадана мен асбұршақ өсіріп бастады

You are here

Ауыл шаруашылығын және әлеуметтік саланы дамыту. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қобда ауданына барған жұмыс сапары барысында осы мәселелерге назар аударды. Өңір басшысы бірнеше елді мекендердің және шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Тұзтөбе бағытындағы жолдың құрылысы да назардан тыс қалмады.

Негізінен Қобда ауданы ауыл шаруашылығына бейімделген аудан. Мұнда ірі өндіріс жоқ. Сондықтан жергілікті фермерлер асыл тұқымды мал басын арттыруға ден қойған. Ауданның ең шалғай нүктесі Көкүй ауылындағы "Қазақстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кеңес одағының дәуірінде қазақтың ақ бас сиырын өсірумен танымал болған еді. Қазір де сол ірі шаруашылықтың ізіндегі серіктестік асыл тұқымды мал басын көбейту ісін үйлестіріп отыр. Осы шаруаның тізгінін ұстаған Сырым Жаңажановтың айтуынша, қазір 773 асыл тұқымды ірі қара бар. Оның 380-і - аналық мал. Былтыр серіктестік облыс бойынша 112 асыл тұқымды бұқа сатқан. Биылғы алты ай ішіндегі көрсеткіш одан да асып түскен.

Ауданда қазақтың ақ бас сиырын көбейтуге бағыт ұстаған азаматтардың бірі - Марат Шәріпов. Ол таяу уақытта бағымдағы мал санын 550 басқа жеткізуді көздеп отыр. Көктемде туған төлді күзде «АкТеп» ЖШС-на бордақылауға өткізеді екен. Кәсіпкер бұл малдың аязға төзімділігін, сондай-ақ мол ет беретіндігін айтады. Оның бағымындағы мал күніне орта есеппен 1,5 килограмм салмақ қосады екен. Марат таяу уақытта Солтүстік Қазақстан өңірінен тағы да 120 бас сиыр сатып алуды көздеп отыр. Келісім жасалған, енді елге жеткізу қажет.

МАРАТ   ШАРИПОВ,  "МАРАТ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Қобдалықтар тек мал шаруашылығымен ғана айланысып қоймайды. ауылда диқандар мен бағбандар да құнарлы жерді күн көріс көщіне айеалдырған. Мәселен,  "Әли" шаруа қожалығының басшысы Дархан Шегебаев бау-бақша егіп, жыл сайын жақсы өгім алып отыр. Биыл күзде өнімдерін аудан орталығына және Ақтөбеге "табыс" коммуналдық базарына апарып өткізбекші. Жас фермер алқаптан арық қазып, Қобда өненінің суын пайдаоанып отыр. Бұл нағыз қуаңшылық жылдары да бақшаны құрғатпай, суармалы егістен мол өнім алуға кепілдік береді.

ДАРХАН  ШЕГЕБАЕВ, "ӘЛИ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ал Қызылжар ауылы аймағындағы «Құттығай» шаруа қожалығының алқабында таңсық дақыл өсіріледі. Өзен бойындағы аумақты жерде бадана мен асбұршақ жапырақтары жайқалып тұр екен. Шаруаға жетекшілік етіп жүрген Талғат Шалимов пен Тимур Урунов өзен суы іргеден ағып жатқанда қай өнімді де өсіруге болатындығына сенімді. Биылғы жылы қожалық 4 га алқапқа бадана, 1 гектарға жүгері, 0,5 гектарға асбұршақ егіпті.

БЕРДІБЕК  САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

ТИМУР  УРУНОВ, "ҚҰТТЫҒАЙ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ АГРОНОМЫ

Қобда өзенінен мотормен тартылған су қазылған арық бойымен жүйелерді жағалап барады. Биылғы өнімді шаруалар негізінен тұқымдық мақсатқа пайдаланбақшы, сөйтіп келер жылы егіс алқабынан айтарлықтай ұлғайтуды көздеуде. Ал қожалықтың құнарлы жайылымында мал басы жыл санап артып келеді.

ТАЛГАТ  ШАЛИМОВ, "ҚҰТТЫҒАЙ" ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Шекарадағы ауылдардың тынысы әкімге толық таныстырылды. Өңір басшысы Жиренқопадағы  шекара бекетінде де болды. Бұл жерден аптасына үш күн, яғни жұмадан бастап Ресей жағына жекелеген адамдардың жеңіл көлікпен өтуіне рұқсат етілген. Әр күнге есептегенде 100 адамға дейін шекарадан өтеді. Арғы бетте туыс-жақындары бар. Шекарашылар осы аумақта тұрады деген анықтамасы бар адамдарға ғана өтуге рұқсат береді. Құжаттарды рәсімдеу шамамен он бес минуттай уақыт алады екен.

ЕРҰЛАН  ҚАЗБЕКҰЛЫ, "ЖИРЕНҚОПА" БЕКЕТІНІҢ ЗАСТАВА КОМАНДИРІ

Заставада Ганс пен Изольда деген иісшіл иттер де қызмет етеді. Оларды баулып жүрген шекарашылар жергілікті жастар болып шықты. Олардан әскери дайындығы, қызмет жағдайлары туралы сұраған әкім жауынгерлердің ел тыныштығы үшін қай кезде де қырағы болуы қажеттігін айтты. «Басты байлығымыз - бейбітшілік пен тыныштық, сондықтан да ел қорғау жолындағы қызметтеріңізге табыс тілеймін»,- деді ол.

БЕРДИБЕК  САПАРБАЕВ, АКИМ  АКТЮБИНСКОЙ  ОБЛАСТИ

Сондай-ақ Қобда ауданына жұмыс сапары барысында Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Тұзтөбе бағытында салынып жатқан жолдың сапасы да облыс әкімінің назарынан тыс қалған жоқ. Асфальтті жаңарту үшін бұл жолға 2 миллирд теңгеден астам қаражат қаралған.  Бұл бағытта жөнделіп жатқан учаске 40 шақырымды құрайды. Қазір уақытша айналма жол төселіп жатыр. Бердібек Сапарбаев оны кейін де пайдаға жарату үшін сапалы етіп төсеуді тапсырды. Кейін жеңіл көліктер жаңа жолмен жүрсе, ал асфальт ұзақ жылдарға шыдас беруі үшін жүк көліктерге айналма жолмен жүру талабы қойылуы керек.  

ДАСТАН  АМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Биылға осы жол жұмыстарына 400 млн. теңге қаражат бөлінді. 6 шақырымнан астам жол жөнделіп бітеді деп ойлаймыз. Ал осы жолды негізінен 2017-2018 жылдары толық аяқтау мүмкіндігі бар. Және осы жерде 100 метрге шақталған көпір бар. Жолды жалғап тұрған сол көпірді су шайып кеткен. Егер келесі жылы қаражат қарастырсақ, жөндеуді жоспарлап отырмыз.

Сөгәлі ауылдық округіне қарасты Көкүйдің орманында Ақтөбе облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамының өкілдері жұмыс істейді. Екі жыл бұрын ашылған шағын қорықта еліктер мен қабандар өсіріледі. Орманшылар жабайы жануарлардың күтімімен айналысады. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі осы Көкүй ауылындағы кәсіпкерлік нысандарын да көрді. Ауылда ағаш өңдейтін цех жұмыс істейді. «Айша» деп аталатын бұл шағын кәсіпкерлік құрылымын Бақыт Құлтілеуова басқарады. Осыдан екі жыл бұрын өз қаражатына 800 мың теңгеге ағаш кесу қондырғысын сатып алған, ол қазір қалыпты жұмыс істеуде. Мұнда үй салу барысында қажетті әр түрлі формадағы кесінді ағаштар әзірленеді. Негізгі шикізат Қобда орман шаруашылығынан жеткізіледі екен. Шеберханада есік-терезе, әр түрлі құрылыс материалдары сұранысқа сай дайындалады. Тұтынушылар көрші ауылдардан да табылады екен.

Өңір басшысы Көкүй, Жиренқопа, Қызылжар және Ақырап ауылдарының тұрғындарымен де кездесті. Халықтың неігізгі проблемасы газ бен жолдың жоқтығына тіреледі. Мұны қаперге алған облыс әкімі ауылдың халқы  жермен, малмен айналысып, шаруаға бейімделуі, мемлекеттік бағдарламаларды пайдалануы керек деп тоқталды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жиренқопа ауылында мектептің абаттандырылған аумағы Бердібек Сапарбаевтың назарына ілікті. Мұғалімдер мен оқушылар гүл отырғызып, ауланы безендіріп қойыпты. Өңір басшысы ауданның қалған мектептері де осы Жиренқопа мектебінен үлгі алуы тиіс деді. Бұдан соң ол ауыл тұрғындарымен кездесті. Тұрғындардың проблемалық сұрақтарын шешуді ауданның жаңа әкімі Мейрамбек Шермағамбетке тапсырды. Себебі тұрғындар арасында жағдайын айтып, жергілкті биліктен жұмыс сұрағандар болды.  

ТОТЫ  ЖҰМАБАЕВА, ЖИРЕНҚОПА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мұндай жұмыссыздық мәселесі қызылжар ауылының тұрғындары үшін де таңсық емес. дегенмен, мұнда білікті мамандар жетіспейтіні тілге тиек болды. Бердібек сапарбаев балақбаша мен кітапхананың жұмысын көрді. Ал Қызылжар орта мектебіндегі жөндеу жұмыстарының сапасына облыс басшысының көңілі толмады. Бұл мектеп 1989 жылы салынған ғимаратта орналасқан. Қазіргі уақытта 84 оқушы білім алады.

БЕРДИБЕК  САПАРБАЕВ, АКИМ  АКТЮБИНСКОЙ  ОБЛАСТИ

Ал бұрынғы аудан орталығы болған Ақырап ауылында өңір басшысы жергілікті амбулаторияның, ауыл дүкендерінің жұмысын көрді. Азық-түлік бағасына назар аударды. Ал ауыл тұрғындарымен кездесу барысында өтініш-тілектеріне құлақ салды. Ақыраптықтар жөнделіп жатқан асфальттің бүлінбесі үшін жүк көліктеріне арналған айналма жол болуы керек деген тілектерін жеткізді.

ӘБУТӘЛІП ӨТЕЛИЕВ, АҚЫРАП АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бердібек сапарбаев аудан әкіміне осы мәселені бақылауда ұстауды тапсырды. Ал Ақырап орта мектебінде күрделі жөндеу «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Оған барлығы 54 миллион теңге қарастырылған. Жұмыс барысында мектептің есік-терезелері ауыстырылады, ғимараттың іші-сырты жаңа күйге енеді. Жөндеу жаңа оқу жылы қарсаңында аяқталмақшы. Айта кету керек, мектепке бұрынғы түлектері қол ұшын созып келеді. Олардың бірі жақында көлік сыйлаған. Облыс әкімі әр мектеп өзінің түлектерімен байланысты жаңғырту керек деп ттапсырды.

Жаңалықтар таспасы