Күн тәртібіне экология мәселесі қойылды

Ақтөбеде заңсыз қоқыс полигондары 400-ден асады. Бұған тұрғындардың өздері кінәлі дейді облыстың бас экологы Жақсығали Иманқұлов. Соңғы үш жылда Ақтөбенің экологиялық ахуалы тұрақты. 8,5 миллион шаршы метр қоқыс аумақтарының 70 пайызы толған. Қаланың ең лас аудандарының қатарында, Тұрғындар қалашығы, Шанхай ауданындағы Пожарский, Рысқұлов көшесінің Жұбанов универсиетіне дейінгі бөлігі. Бұл аумақтарда күкіртті сутек, формальдегидтің көп мөлшері анықталып отыр. санитарлық талаптардың бұзылуына шаңның көтерілуі себеп. Облыс орталығының осыншама ластануына СНПС Ақтөбемұнайгаз, КазахОйлАқтөбе және Интергаз  сияқты ірі мұнай-газ компаниялары кінәлі. {СНХ}

ЖАҚСЫҒАЛИ ИМАНҚҰЛОВ, облыстық экология депертаментінің басшысы

Облыстың кейбір аудандары мен елді мекендері, яғни Алға, Қандыағаш, Жем, Хромтау, Бадамша, Шұбарқұдық, Кеңқияқ, Шалқар, Мәртөкте тазарту қондырғылары экологиялық талаптарға сай емес.   Және нысандар қайта жіберу қызметтерін аттарып тұр. Бұл экологиялық заңнаманың өрескел бұзылғанын білодіреді.

Мамандар экологиялық проблемаларды шешуге дайын. Алайда жобаларды әзірлеуге көп уақыт жұмсалады. Бұл өңір басшысының таңданысын тудырды. Мәселен, Промзонадағы спирт зауытының қалдықтарын утилизациялауға бір жыл қажет. Бұл тек дайындық шаралары. Заңсыз қолжетімді қазбаларды қолдану мәселесі де түсініксіз болып шықты. Жыл басынан бері 1 қылмыстық іс қозғалып, 10 жеке тұлғаға айыппұл салынған. Облыс орталығындағы экологиялық нашар ахуалдың 35 пайызы автокөліктерден болып отыр. Бүгінде көліктердің 15,4 пайызына газ баллон орнатылған. 

 

Қосылды: 
03.06.2016 - 12:00
Соңғы өзгерiстер: 
08.09.2016 - 16:27